20.09.2016, 12:38 4376

Түркістан қаласында 100 көпқабатты тұрғын үй салынады

Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласында "Отырар" шағынауданыныӊ іргетасы қаланды. Қазірдіӊ өзінде 5 қабатты 2 тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл пәтерлер жыл соӊына қарай тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі деп күтілуде.

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан қаласында 100 көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұл туралы Түркістан қалалық әкімі аппаратыныӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын елімізде халықтыӊ әл-ауқатын арттыру бағытында ілкімді істер қолға алынуда. Оныӊ ішінде еӊ маӊыздысы баспана мәселесі де назарда тұр. Осыған байланысты Елбасы Үкіметке "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласында "Отырар" шағынауданыныӊ іргетасы қаланды. Қазірдіӊ өзінде 5 қабатты 2 тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл пәтерлер жыл соӊына қарай тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі деп күтілуде. Ал, осы шағынауданда құрылысы биыл басталатын 8 көпқабатты үй келесі жылы тұрғындарға тапсырылады.

Сонымен қатар тарихи шаһарда Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдіӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол да таяуда ел игілігіне берілмек.

Жалпы, "Отырар" шағынауданында 100 гектар аумаққа көпқабатты 100 тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінде Түркістаннан үй, жер алуға Оӊтүстік Қазақстан облысынан бөлек, Қызылорда облысы тұрғындарынан да өтініштер жиі түседі екен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны