03.12.2018, 20:46 8333

Түркістан қаласында "Ақылды квартал" жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ, облыстағы ІІД-мен бірігіп қауіпсіздік пен бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін облыстық ТЖД үшін "112 қызметі" автоматтандырылған жүйесін пайдалануға енгізу көзделіп отыр.

Түркістан. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында Цифрландыру орталығы отандық IT-жүйелерін әзірлеушілермен бірлесіп Түркістан қаласында бірнеше пилоттық жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, ағымдағы жылдыӊ желтоқсан айында Түркістан қаласыныӊ қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі жұмысын бастайды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы Отырар шағын ауданында көп пәтерлі 10 үйді қамтитын "Ақылды квартал" жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысыныӊ Цифрландыру орталығыныӊ басшысы Асылбек Жанғұлов мәлімдеді.

Сондай-ақ, облыстағы ІІД-мен бірігіп қауіпсіздік пен бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін облыстық ТЖД үшін "112 қызметі" автоматтандырылған жүйесін пайдалануға енгізу көзделіп отыр.

"Цифрландыру жобаларын үйлестіруді, сараптамалық қолдауды және өзара ықпалдастыруды қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы әкімдігі "Түркістан" ИКК" АҚ базасында 2018 жылы қазан айында цифрландыру орталығын құрды. Қазіргі уақытта Цифрландыру орталығы Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде 15-тен астам халықаралық және Қазақстандық IT компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Атқарылған іс-шаралар Түркістан облысына салынатын инвестиция көлемін 30 млн. АҚШ долларына жетуіне және IT-мамандар үшін қосымша жұмыс орындарыныӊ ашылуына септігін тигізеді деп күтілуде", - деді Асылбек Аспандиярұлы.

Цифрландыру орталығы мемлекеттік органдардыӊ мамандарына, облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерге цифрландыру бойынша жол карталарын әзірлеуде қолдау көрсетеді. Түркістан облысыныӊ барлық қалаларыныӊ ішінде алғаш болып Түркістан облысындағы цифрландыру бағдарламасына Сарыағаш қаласы қосылды. Цифрландыру орталығымен бірге ақылды қала - Sary Agash Digital жобасы әзірленді.

2021 жылға дейін есептелген жобалар портфелінде 28 жоба бар, олар: қаланы тиімді басқару және осы процесске белсенді азаматтарды тартуды қамтамасыз етпек. Цифрландыру орталығыныӊ алдағы жоспары - Ұлттық Геоақпараттық жүйесініӊ бөлігі ретінде Түркістан облысыныӊ Бірыӊғай геопорталын құру, сонымен бірге Түркістан облысын цифрландыруға ниетті отандық IT компанияларға цифрландыру жобаларын жүзеге асырулары үшін бірыӊғай сервистік модель ұсыну.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны