04.07.2018, 17:37 4885

Түркістан қаласында алғаш рет облыстық мәслихаттыӊ сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы алғаш рет Түркістан облысыныӊ орталығында өтті. Бұл жиынды облыстық мәслихат сессиясыныӊ төрағасы Базарбай Мұсабеков жүргізді.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы алғаш рет Түркістан облысыныӊ орталығында өтті. Бұл жиынды облыстық мәслихат сессиясыныӊ төрағасы Базарбай Мұсабеков жүргізді.

Сессия жұмысына облыс әкімі, облыс әкімдігініӊ мүшелері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау органдарыныӊ, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардыӊ, ұйымдардыӊ басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Облыстық мәслихат сессиясыныӊ күн тәртібінде облысты басқару схемасына өзгерістер енгізу мен Түркістан облысы әкімдігініӊ дербес құрамын келісу туралы және өӊірдіӊ әкімшілік-аумақтық құрылысы сынды алты мәселе қаралды.

Сессия отырысында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі Түркістан қаласында өткізіліп отырған облыстық мәслихатыныӊ сессиясы тарихи екенін айтып, Елордада 1997 жылы 9 желтоқсанда өткізілген ҚР Парламентініӊ бірлескен бірінші мәжілісін еске алды.

"Түркістан облысы - ел игілігі, ұлт болашағы үшін қабылданған Елбасымыздыӊ бастауымен қолға алынған маӊызды шешім. Бұл Астананыӊ 20 жылдығын тойлау кезінде Қазақстанға жаӊа серпін беретін, жаӊа бастама болатын үлкен қозғалыс болып тұр. Елбасымыз 19 маусымда осы Жарлыққа қол қою кезінде көп нәрсені түсіндіріп айтты. Орта ғасырларда Қазақ хандығыныӊ ордасы болған, қазақ жерінде мемлекеттіліктіӊ қалыптасуына ерекше ықпал еткен, талай хандарымыз, билеріміз бен батырларымыз және сұлтандарымыз жатқан Түркістан қаласы шынында да өзіне лайықты Қазақстанныӊ және түркі дүниесініӊ мәдени орталығы болуға тиісті",-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, сессия барысында облыс әкімі депутаттарды "Астананыӊ 20 жылдығы" медалімен және мәслихаттыӊ Құрмет грамотасымен марапаттады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны