23.10.2018, 16:37 3940

Түркістан қаласында жаӊадан 8 медициналық мекеме ашылады

Сондай-ақ, министр жоғары медициналық колледждіӊ жұмысымен танысты. Еліміздегі еӊ үздік колледж атанған білім ордасыныӊ техникалық базасы заманауи қондырғылармен толық жабдықталған. 1965 жылы негізі қаланған білім ошағында бүгінде 2,5 мыӊға жуық студент білім алуда.

Түркістан. 23 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іс - сапармен келді. Министр облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Медицина қызметкерлерімен кездескен еліміздіӊ бас дәрігері Президент жолдауыныӊ негізгі міндеттерін жан-жақты түсіндіріп, медицина саласын жандандыру мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

"Елбасы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларында денсаулық сақтау саласын назардан тыс қалдырған емес. Азаматтардыӊ салауатты өмір салтын ұстануын қалаған Мемлекет басышысы, алғашқы медициналық-санитарлық көмектіӊ әсіресе ауылды жерлерге дейін қолжетімді болуын қамтамасыз ету керектігін айтқан. Яғни, медициналық орталықтардыӊ техникалық базасын көтеріп, дәрігерлердіӊ біліктілігін арттыруымыз қажет. Жаӊа технологияны көбейту, учаскелік дәрігерлердіӊ мойнына артылған жүкті жеӊілдету, сандық технология және электронды жүйеге толықтай көшу арқылы еліміздіӊ медицинасы дами түседі. Алдағы уақытта телефонмен дәрігерден кеӊес алуға жетуге мүмкіндік берелі", - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министр жоғары медициналық колледждіӊ жұмысымен танысты. Еліміздегі еӊ үздік колледж атанған білім ордасыныӊ техникалық базасы заманауи қондырғылармен толық жабдықталған. 1965 жылы негізі қаланған білім ошағында бүгінде 2,5 мыӊға жуық студент білім алуда.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев колледж студенттерін сапалы білім алып, алдағы уақытта Түркістан қаласында жаӊадан ашылатын 8 бірдей медициналық мекемеге жұмыс істеуге шақырды.

- Бүгін де министрлікпен бірлесіп денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Яғни, облыс орталығында жаӊадан ауруханалар мен емханалар салынады деп жоспарлануда. Одан бөлек, келешекте халықаралық деӊгейдегі жаӊа аруханалар пайда болады. Себебі, Түркістан қаласы туристік орталыққа айналатын болады. Бұл бағытта Елбасымыз нақты тапсырмалар бергенінен хабардарсыздар. Демек, сіздер үшін көптеген жаӊа жұмыс орындары ашылды. Сонда өздеріӊіздіӊ алған білімдеріӊіз бен тәжірибелеріӊізді халықтыӊ игілігі үшін пайдаланыӊыздар", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сонымен қатар, министр қалалық емханасына да ат басын бұрды. 2013 жылы ашылған 500 орынға шақталған. Бүгінде емдеу мекемесіндегі қызмет көрсету процесі 100 пайыз сандық жүйеге көшкен. Елжан Біртанов осы жүйені өзге мекемелерге үлгі ету керектігін жеткізді. Яғни, келесі жылдан бастап, барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге міндеттелген. Бұл азаматтардыӊ денсаулық сақтау кітапшаларыныӊ электронды нұсқада жасауға, емдеу мекемелердегі ұзын-сонар кезектерді жойылуына, бюрократиядан арылуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады денсаулық сақтау министрі.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны