25.12.2017, 18:02 5379

Түркістан қаласыныӊ әкімі болып Тәжібек Мұсаев тағайындалды

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласыныӊ активіне Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттыӊ келісімімен тағайындалған жаӊа әкімді таныстырды. Сонымен, облыс әкімініӊ өкімімен Түркістан қаласыныӊ әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды.

Шымкент. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today -Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласыныӊ активіне Президент әкімшілігі мен аудандық мәслихаттыӊ келісімімен тағайындалған жаӊа әкімді таныстырды. Сонымен, облыс әкімініӊ өкімімен Түркістан қаласыныӊ әкімі болып Тәжібек Қалманұлы Мұсаев тағайындалды.

Жаӊа әкімді таныстыру кезінде аймақ басшысы лауазым иесініӊ жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардыӊ әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды және "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаланыӊ жүзеге асырлуын басты назарға алуды міндеттеді.

Т.Қ.Мұсаев 1958 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер- механик. Еӊбек жолын 1982 жылы Абай колхозыныӊ машина шеберхансыныӊ меӊгерушісі ретінде бастаған.

1985-2013 жылдары Кентау қалалық автокөлік паркініӊ инженері, Түркістан аудандық ауылшаруашылық басқармасыныӊ бас инженері, Түркістан аудандық аграрлық-өнеркәсіптік бірлестігініӊ инженері, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық басқармасыныӊ бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық бөлімініӊ бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімініӊ бас маманы, Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініӊ бастығы, Түркістан қаласы Иассы ауылдық округініӊ әкімі, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімініӊ басшысы қызметін атқарған.

2013 жылдыӊ қазан айынан бастап Түркістан қаласы әкімініӊ орынбасары болып қызмет етіп келді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны