28.09.2018, 14:31 6581

Түркістан: мемлекеттік қызметшілер жаӊа жүйемен жалақы алады

Бұған дейін орталық және аудан деӊгейіндегі мемлекеттік қызметшілердіӊ, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке секторларда қызметшіге еӊбекақы төлеуде теӊсіздік болды. Еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесі анықталған мәселелерді жояды.

Түркістан. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасымыздыӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарындағы тиісті қадамдарды жүзеге асыру шеӊберінде мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлық-балдық шкала бойынша төленетін болады. Бұл ретте қызметкерлердіӊ жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі, жүктемесі секілді факторлар ескеріліп, жалақы тағайындалады. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Түркістан облысы бойынша департаментініӊ басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, аталған жүйе мемлекеттік қызметшілердіӊ өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, сапалы жұмыс істеуіне жетелейді. Бұған қоса, жыл соӊында жұмыс нәтижесініӊ тиімділігіне сәйкес қосымша бонустар берілмек.

"Бұған дейін орталық және аудан деӊгейіндегі мемлекеттік қызметшілердіӊ, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке секторларда қызметшіге еӊбекақы төлеуде теӊсіздік болды. Еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесі анықталған мәселелерді жояды. Бұл жүйе факторлы-балдық шкала негізіндегі тұрақты бөлік пен бонустардан тұрады. Мұндай жүйелер АҚШ, Сингапур, Жаӊа Зеландия сынды озық елдерде және де БҰҰ, Дүниежүзілік пен Азиялық даму банктерінде қолданылады. Қазақстанда осы әдістеме бірқатар жеке және квазимемлекеттік секторлар енгізілген", - деді Ғалым Сұлтанұлы.

Жаӊа жүйеніӊ енгізілуініӊ тағы маӊызды аспектісі аумақтар мен орталық қызметкерлерініӊ еӊбекақыларыныӊ сәйкессіздігініӊ азайуы. Еӊбекақылар арасында айырмашылық 70 пайыздан 10 пайызға дейін кеміген. Бұл аумақтардан кадрлардыӊ жаппай кетуін азайтып, жергілікті мемлекеттік аппараттыӊ тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кадрлық белсенділікті күшейтіп отыр.

Сонымен қатар, Агенттіктіӊ Түркістан облысы бойынша департаменті қызметшілерініӊ жалақысы да 2,5 есеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде Департаментте өткен конкурста жетекші маманға жарияланған бір орынға 39 адам құжат тапсырған. Жалпы, еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесініӊ енгізілуі бірінші кезекте мемлекеттік органдардыӊ ішкі резервтерініӊ құрылуын қамтиды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны