01.08.2018, 07:34 4907

Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ

Екі көне шаһардыӊ арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдіӊ туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады.

Түркістан. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ. Екі көне шаһардыӊ арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдіӊ туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады. Мұндай келісімге "Ontustik Tourism Center" Туристік Ақпараттық орталығы Ташкент қаласында ұйымдастырған "Жібек жолындағы туризм - WorkShop" іс-шарасыаясында қол жеткізілді.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы әкімініӊ орынбасары Е.Тасжүреков бастаған делегатция мен Өзбекстан Республикасыныӊ Туризм жөніндегі мемлекеттік комитетініӊ басшылығы және бауырлас екі елден 60-қа жуық туристік фирма өкілдері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан мен Өзбекстанныӊ туристік әлеуеті мен жаӊа және қазіргі заманғы туристік бағыттарды бірлесіп дамыту мүмкіндіктері қаралып, соныӊ ішінде Жібек жолындағы аралас турлар бойынша презентациялар ұсынылды. Бұдан бөлек, туристік компаниялар, қонақ үйлер мен медициналық мекемелердіӊ өкілдері арасында "B2B" кездесулер өтті.

Көрші елдерді әсіресе зиярат, сауықтыру, эко және экстремалды туризм қызықтырып отыр. Бауырлас елдер арасындағы визасыз режим барыс-келісті жақсартқан. Енді қолға алынған бірлескен туристік бағыт саяхатшылар саныныӊ артуына негіз болады, дейді мамандар.

Олардыӊ айтуынша, Түркістан облысында эко туризм, медициналық туризм, таулық туризм, жастарға арналған туризм және зиярат туризмі сынды қосымша 20-ға жуық жаӊа туристтік бағыттар ашылып отыр.

Іс-шара нәтижесінде екі елдіӊ туристік компаниялары арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Форум аясында Қазақстандағы Өзбекстан жылы және жаӊадан құрылған Түркістан облысыныӊ тарихи әрі әсем жерлерінен сыр шертетін "Түркістан оӊтүстіктіӊ жүрегі" атты фотокөрме де ұйымдастырылды.

Көрмеге келушілерге 16 экспозиция ұсынылды, фотосуреттерде қазақ халқыныӊ көрікті нысандары мен жерлері, әдет-ғұрыптары мен ойындары бейнеленген.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны