21.11.2018, 12:34 5276

Түркістан облысы әкімініӊ орынбасары болып Мәлік Отарбаев тағайындалды

2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігініӊ үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.

Түркістан. 21 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ келісімімен Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаевтыӊ өкімімен Түркістан облысы әкімініӊ орынбасары болып Мәлік Отарбаев тағайындалды.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған.

Еӊбек жолын 2001 жылы Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініӊ Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

2003 - 2016 жылдар аралығында Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініӊ Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, "Диалог" Еуразия-Қазақстан" журналыныӊ жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты "Қаламгер" журналыныӊ бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігініӊ үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны