05.09.2018, 19:58 4069

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерініӊ арасында меморандум жасалды

Ж.Түймебаев: "Түркістан мен Шымкент бір-бірін қолдап, қатарласа дамиды"

Түркістан. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерініӊ арасында меморандум жасалды. Меморандумға қол қойған Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бір-бірін қолдап, бірге дамитынын айтты.

"Өздеріӊіз білетіндей биыл Шымкент қаласы республикалық маӊызға ие мегаполиске айналды. Ал, 19 маусымда Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Бүгін республикалық статусқа ие Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлымен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып отырмыз. Елбасы 1 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарыныӊ бірлескен отырысында Түркістан мен Шымкентті дамыту мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Қырғызстанда өткен Түркі мемлекеттері басшыларыныӊ кеӊесінде де Түркістанныӊ маӊыздылығына мән берді. Шымкент - Түркістан облысына еӊ жақын қала. Сондықтан өӊірдіӊ дамуына еӊ бірінші кезекте Шымкент қаласыныӊ қосар үлесі зор. Біз бір-бірімізді қолдай отырып, облыс пен қаланы, сол арқылы республикамызды дамыта беруіміз керек" деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов "Түркістанныӊ Қазақстан үшін, жалпы Түркі әлемі үшін маӊызы зор. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы арасында әкімшілік шекара бар шығар, бірақ, біз әрқашан біргеміз. Елді ешкім бөле алмайды. Жансейіт Қансейітұлы, Бас жоспар бекітілген соӊ Түркістан қаласындағы еӊ бірінші ғимаратты Шымкент қаласы әкімдігі салып берсін. Шымкент қаласы әрқашан Түрікістанмен біргеміз. Елбасы тапсырғандай, Түркістан қаласы ертерек дамып, әлемдік деӊгейдегі шаһарлардыӊ қатарына қосыла берсін. Өзіӊізге және сізбен бірге көшіп келген басшыларға, мемлекеттік қызметшілерге табыс тілеймін", деді.

Меморандумныӊ мақсаттары мен міндеттері ауқымды. Атап айтсақ, әлеуметтік-экономикалық және кәсіпкерлік саласында, инфрақұрылымды дамыту, ғылым мен мәдениет саласында және басқа да мәселелер бойынша әкімшілік-аумақтық құрылымдар арасында тығыз байланыс пен әріптестік орнату көзделіп отыр. Меморандум аясында өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, мәдениет, құрылыс, цифрландыру, кәсіби аппарат жасақтау, тұрғын үй-коммуналдық және өзге де салалар бойынша әріптестік орнатылады. Осы арқылы облыс пен қала бірге өркендеп, жаӊа белестері бағындырмақ.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны