24.01.2019, 20:01 30017

Түркістан облысы Отырар ауданында визит орталығыныӊ құрылысы жүруде

Түркістан облысы Отырар ауданында тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардыӊ сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, заманауи талаптарға сай визит (сапар) орталық құрылысы жүруде

Түркістан. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Отырар ауданында тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардыӊ сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, заманауи талаптарға сай визит (сапар) орталық құрылысы жүруде.

Отырар визит-орталығын салудағы мақсат - Отырар қорық-музейініӊ базасында коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновациялар орталығын жасау. Қорық-музейдіӊ функцияларын мәдени-ағарту мен имидждік орталық деӊгейіне дейін кеӊейтіп, тарих ғылымы, археология, реставрация, өнертану, этнографиямен ұштастыруға жағдай жасау.

Орталықтыӊ ғимараты - Отырар қалажұртыныӊ территориясында археологиялық қорық, тарихи-мәдени және туристік орталық құруға, сонымен қатар, музейлік-көрмелік жүйемен өзара байланыстағы орталықтандырылған қор-сақтағышты жасауға бағытталған.

Экспозиция залдары функционалдық бағдарламада әр уақытта болатын өзгерістер мен түзетулерді ескеріп жобаланған. Екінші қабатта барлық залдар үшін қосалқы бөлме қарастырылып отыр. Залдардыӊ жобалық және көркемдік шешімін орталық қызметкерлері нақты көрмелік экспозицияныӊ тақырыптық құрылымына байланысты жасайтын болады.

Сондай-ақ, реставрациялық жұмыстар мен көрмелік конструкцияларды жасау жұмыстары үшін цоколдық қабатта шеберханалар орналаспақ. Барлық шеберханалар мамандырылған реставрациялық қондырғылармен жабдықталады деп жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, музейге жұмыс істеуге шақырылатын мамандар үшін Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимараты бой көтереді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны