19.09.2018, 17:18 5743

Түркістан облысы Төле би ауданында 6 мыӊнан астам тұрғын таза ауызсумен қамтылмақ

Нәтижесінде салынып жатқан жаӊа су құбырлары ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 6 мыӊнан аса ауыл тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аталған аймақта әрқайсысы 2 данадан сыйымдылығы 300 және 150 текше метрлік су жинағыш-резервуардыӊ құрылысы жүзеге асырылуда.

Түркістан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Төлеби ауданында су құбырларыныӊ құрылысы қарқынды жүруде. Биыл ауданныӊ 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырыныӊ құрылысы ағымдағы жылдыӊ сәуір айында бастаса, Тағайнадағы құрылыс жұмыстары мамыр айында бастау алған.

Нәтижесінде салынып жатқан жаӊа су құбырлары ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін 6 мыӊнан аса ауыл тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аталған аймақта әрқайсысы 2 данадан сыйымдылығы 300 және 150 текше метрлік су жинағыш-резервуардыӊ құрылысы жүзеге асырылуда.

Тағайна және Зағамбар ауылдарына су елді мекен жанынан анықталған ұӊғымалардан беріледі. Екі ауылға тартылатын су өткізгіштердіӊ жалпы ұзындығы - 78,327 шақырымды құрамақ. Су құбыры желілерініӊ құрылысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Тағайна ауылындағы құрылыстыӊ мердігері "Star-Stroi" ЖШС-і, ал Зағамбар ауылында су құбырын "Монолит-Дизайн-2030" ЖШС-і жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны