07.09.2018, 23:33 7288

Түркістан облысы Түлкібас ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлері, батыр аналар мен тыл еӊбеккерлеріне арналған ескерткіштіӊ ашылу рәсімі өтті

"Өткенді ұлықтау - өскендіктіӊ белгісі" деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдыӊ 86 ардагер аталарымыз бен 96 батыр ана, 214 тыл еӊбеккерлерініӊ есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған.

Түркістан. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today -Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында Түркістан облысы Түлкібас ауданында М.Жәрімбетов ауылында республикалық "Уақып" қорыныӊ төрағасы Қайрат Орынбайұлы мен ауыл тұрғындарыныӊ ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері, батыр аналар мен тыл еӊбеккерлеріне арналған ескерткіштіӊ ашылу рәсімі өтті.

Ескерткіштіӊ ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков ауданныӊ 90 жылдығына орай бірқатар киелі жерлер жаӊғыртылып, елдімекендерде ескерткіштер бой көтеріп жатқандығын жеткізді.

"Жыл басынан бері Алғабас, Рысқұл ауылдарында Ұлы отан соғысына аттанған жауынгерлер мен тыл еӊбеккерлері, батыр аналардыӊ есімдері жазылған ескерткіштер ашылса, бүгін осы ауылда туған бір топ азаматтардыӊ демеушілігімен ескерткіш бой көтеріп отыр. "Өткенді ұлықтау - өскендіктіӊ белгісі" деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдыӊ 86 ардагер аталарымыз бен 96 батыр ана, 214 тыл еӊбеккерлерініӊ есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған. Көпке үлгі боларлық өнегелі іс келешек жас ұрпаққа тарих деп білемін. Өйткені бүгінгі ескерткіште жазылған асыл азаматтар мен азаматшалардыӊ жанқиярлық ерлігі мен есіл еӊбегі жас ұрпақ үшін өнеге", - деді аудан басшысы.

Шара барысында ескерткіште есімдері жазылған боздақтардыӊ рухына құран бағышталды. Іс-шара соӊы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерініӊ ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны