08.07.2018, 23:24 4622

Түркістан облысы және Шымкент қаласы полициясыныӊ басшылары тағайындалды

Министрдіӊ бұйрығымен Түркістан облысыныӊ ІІД бастығыныӊ лауазымына полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков тағайындалды.

Түркістан. 8 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысы және Шымкент қаласы полициясыныӊ басшылары тағайындалды.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ІІД-ніӊ жаӊа бастықтарын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов таныстырды.

ҚР Ішкі істер министрініӊ бұйрығымен Шымкент қаласы ІІД бастығыныӊ лауазымына бұрын ҚР ІІМ Департамент бастығы лауазымын атқарған полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов тағайындалды.

Сонымен қатар Министрдіӊ бұйрығымен Түркістан облысыныӊ ІІД бастығыныӊ лауазымына полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков тағайындалды.

Қ. Дәлбеков бұрын Оӊтүстік Қазқастан облысыныӊ Ішкі істер департаментініӊ бастығы лауазымын атқарды.

Министрдіӊ орынбасары Берік Бисенқұлов Шымкент қаласыныӊ және Түркістан облысыныӊ ішкі істер департаменттерініӊ жаӊа тағайындалған басшыларына жемісті еӊбек тіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны