09.07.2018, 20:59 4190

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында желкенді қайық спорты жұмысын бастады

Қазіргі таӊда 50 жасөспірім осынау спорт түрімен шұғылданып, тәп-тәуір меӊгеріп қалды.Шағалалы өӊірде бұл спорт түрі сонау 1976 жылы ашылып, Кеӊес үкіметі тараған кезге дейін жұмыс істеген екен.

Түркістан. 9 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында желкенді қайық спорты жұмысын бастады. Күн жылығаннан бастап аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебініӊ қарамағынан ашылған мекемеде екі маман жұмыс істеп, мектеп жасындағы жасөспірімдерді жаттықтырып келеді. Қазіргі таӊда 50 жасөспірім осынау спорт түрімен шұғылданып, тәп-тәуір меӊгеріп қалды.Шағалалы өӊірде бұл спорт түрі сонау 1976 жылы ашылып, Кеӊес үкіметі тараған кезге дейін жұмыс істеген екен.

Шағалалы Шардара жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені белгілі. Осынау жұмысын жалғастырып келе жатқан желкенді қайық спорты да мұндағы жағажай туризмініӊ күннен күнге дамып келе жатқанын аӊғартса керек. Бұл жұмыстарды одан әрі өркендету мақсатында бүгінгі таӊда орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мұнда 60 нысанныӊ құрылысы қаралған. Тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд. теӊге, оныӊ ішінде мемлекет тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 1,7 млрд. теӊге жоспарлануда. Объектілер құрылысын бастап, жер учаскесін алуға көптеген инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Осы жұмыстардыӊ нәтижесінде, 1000-нан астам жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуы мен келуші туристер саныныӊ 45 мыӊнан асып жығылуы жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны