14.09.2018, 22:09 5162

Түркістан облысына шетелдіӊ жетекші бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері келді

Өӊірдіӊ тынысымен жан-жақты танысуға келген 7 мемлекеттіӊ журналистерін Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады. Кездесу барысында өӊір басшысы облысты дамыту жөніндегі ойлары мен жоспарларын айтты.

Түркістан. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ заманауи мәдени жетістіктерін көрсету және туризмініӊ тартымдылығын арттыру мақсатында 13 қыркүйек күні Түркістан облысына шетелдіӊ жетекші бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері келді. ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ бастамасымен келген делегация құрамында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Италия, Корея, Польша, Индонезия елдерінен журналистер бар. Баспасөз туры еліміздіӊ туристік әлеуетін және Түркістан облысымен қатар Қазақстанныӊ беделін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Өӊірдіӊ тынысымен жан-жақты танысуға келген 7 мемлекеттіӊ журналистерін Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады. Кездесу барысында өӊір басшысы облысты дамыту жөніндегі ойлары мен жоспарларын айтты.

"Сіздермен сан ғасырлық тарихы бар киелі Түркіcтан жерінде кездесіп отырмыз. Бұл басқосуға арқау болып отырған Түркістан қаласыныӊ қазақ халқыныӊ тарихында орны ерекше. Түркістан облысы елімізде еӊ көп турист келетін аймақ саналады. Біздіӊ таӊғажайып табиғатымыз бен тарихи орындарымызды көруге келетіндер қатары мол. Түркістанда тарихи орындар мен ескерткіштер, көне қалалар көп. Сонымен қатар, таулар, көлдер, өзендер мен көрікті орындар да баршылық. Ұлы Жібек Жолы біздіӊ облысымыздан өткен. Сіздер де өз елдеріӊізге барған кезде Түркістан туралы айтып, өӊір туризмін насихаттауға үлес қосасыздар деген ойдамын. Бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлер "Түркістан облысыныӊ туристік потенциалын дамыту" бағдарламалық тұжырымдамасын жүзеге асыруда зор ықпалын тигізетініне сенімдімін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесуде Польшаныӊ "Turystyka.rp.pl" агенттігініӊ өкілі Анна Клоссовска және өзге де журналистер өз әсерлерін айтып, өӊір туралы сұрақтар қойды. Сапар аясында шетелден келген қонақтар тарихы тереӊ Отырар ауданына да барды. Өз кезегінде аудан әкімдігі журналистерді әлемге әйгілі Отырар қаласыныӊ тарихымен таныстырды. "Арыстанбаб" кесенесіне аялдаған шетелдіктер сырын ішіне бүккен киелі жердіӊ мол мұрасына қанықты.

Мұнан кейін журналистер Түркістан өӊірін аралады. Бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы және Түркістан қаласындағы басқа рухани және туристік орындарды аралап, тарихымызбен танысты. 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Түркістан қаласына келушілер саны 700 мыӊнан асып, бұл өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 60%-ға көбейген. Мәдениет және өнер тақырыптары бойынша маманданған шетелдік журналистер Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ құрылысына, сән-салтанатына ерекше қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар Түркістан қаласы маӊындағы мақта алқабындағы ақ алтынды жинау сәтіне куә болды. Айта кетейік, биыл өӊірдегі 132 мыӊ гектар алқапқа мақта егілген. Еліміздегі ақ алтын өсіріп, экспорттайтын бірден-бір өӊірдегі шаруашылықтыӊ бұл түрі шетелдік журналистердіӊ қатты қызығушылығын оятты.Түркістанда жуырда қанат қағатын бірегей жоба "Golden Саmel Group LTD" түйе сүтін өӊдейтін зауытына барды. Тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өӊдеп, 7 түрлі энергетикалық сусын шығаруға мүмкіндігі бар кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 7 млрд. 600 млн. теӊгені құрайды. Алпауыт кәсіпорынныӊ жұмысы шетелдіктердіӊ қызығушылығын туғызды.

Түркістан облысыныӊ таӊғажайып табиғаты мен тереӊ тарихына қаныққан қонақтар баспасөз турыныӊ жоғары дәрежеде өткендігін айтып, алғыстарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны