30.06.2018, 12:43 7698

Түркістан облысына "жасыл" технологиялар жүйесі енгізілмек

Қазіргі таӊда Орталық "Бір белдеу бір жол" бағдарламасы аясында "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ мұрасыныӊ іс жүзіндегі жалғасы болып табылатын жаһандық "Silk road Super Grid" жобасын жүзеге асыруды ұсынуда.

Түркістан. 30 маусым. Kazakhstan Today -Түркістан облысыныӊ әкімдігі мен "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өзара меморандумға отырды. Аймақ басшысы қол қойылып отырған құжат облыс орталығы Түркістан қаласыныӊ экономикалық әлеуетін дамытуға мол мүмкіндік ашатынын айтты.

"Елбасымыз баламалы энергия көздерін пайдалану арқылы жасыл экономиканы енгізуді үнемі айтып келеді. Міне, бүгінде облыс орталығы Түркістан қаласы осындай жаӊашылдыққа бет бұрғалы отыр. Ал, жұмыстарды Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен бірлесе отырып жүзеге асырамыз", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бүгінгі күні ғылыми жетістіктердіӊ арқасында барлық экологиялық мәселелерді іс жүзінде экономикалық тұрғыда шешуге болады. Сондықтан да "жасыл" технологиялар термині пайда болды.

Өз кезегінде "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ басшысы Рапиль Жошыбаев, орталық "жасыл экономика" объектілерініӊ ақпараттық жүйесін қалыптастыру бойынша жобаныӊ тұжырымдамасын әзірлегенін жеткізді.

Бұл мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын және қазақстандық кәсіпорындардағы жасыл технологияныӊ енгізілуін, сондай-ақ дамуын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін сұраныстағы өнім. Одан бөлек, жаӊаша жүйе күн сәулесі, жел, су, биомасса және қалдықтардан баламалы энергия өндіру карталарын қамтиды" - деді Р.Жошыбаев.

Меморандумда аймақтыӊ әлеуетін пайдалана отырып, Түркістан облысында шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар, құжатта қосымша энергия өндіру үшін, күн және жел электр станцияларыныӊ құрылысына инвестициялар тарту, энергияны және аудандық газбен жабдықтауда ресурсты үнемдейтін технологияларды қолдану, ауыл шаруашылығы саласындағы биотехнологияларды дамыту, таза сумен қамтамасыз ету жолдары қаралған.

Қазіргі таӊда Орталық "Бір белдеу бір жол" бағдарламасы аясында "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ мұрасыныӊ іс жүзіндегі жалғасы болып табылатын жаһандық "Silk road Super Grid" жобасын жүзеге асыруды ұсынуда. Бұл Қазақстандағы жасыл экономиканыӊ ілгерілеуіне сүбелі үлес қосатыны сөзсіз.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны