30.06.2018, 12:23 7238

Түркістан облысында БАҚ саласыныӊ үздіктері марапатталды

Ақпарат және байланыс қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі аталып өтілді. Салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев БАҚ саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

Түркістан. 30 маусым. Kazakhstan Today -Түркістан облысы Төле би ауданында 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі аталып өтілді. Салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев БАҚ саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

"Дәстүрге айналған ақпарат саласы қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі қоғамда үлкен мәртебеге ие. Бұқаралық ақпарат құралдары - халық пен биліктіӊ арасындағы алтын көпір. Сіздер Президентіміздіӊ жасампаз идеяларыныӊ төӊірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзініӊ сөзі - қоғамдық пікір қалыптастырудыӊ темірқазығы іспетті. Сондықтан да әрбір сөзді, оқиғаны таратуда шынайылық пен адалдық қағидаларын сақтау барынша маӊызды деп білемін. Еселі еӊбектеріӊіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаӊа биіктер мен шыӊдардан көріне беріӊіздер!", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, облыс басшысы БАҚ саласында еӊбегі сіӊген ардагерлерді "Облысқа сіӊірген Еӊбегі үшін" медалімен, сала үздіктерін облыс әкімініӊ Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Бұдан өзге, мерекелік шарада саладағы үздік ұжымдар мен журналистер анықталды. Биыл облыстағы дәстүрлі "Үздік телеарна" номинациясын - "Ontustik" және "Айғақ" телеарналары жеӊіп алды. Ал "Еӊ үздік аймақ тілшісі" аталымы - "Жас Алаш" газетініӊ меншікті тілшісі Бақытжан Дәуітов пен "КазАқпарат" ақпараттық агенттігініӊ тілшісі Айнұр Ақбаеваға бұйырды. Дәстүрлі "Үздік басылым" номинациясын - "Рейтинг" газеті иеленді. Сондай-ақ, тележурналистика саласындағы "Алтын микрофон" номинациясы - Ардақ Жақсылықова лайық деп танылды. Мерзімді басылым журналистеріне арналған "Алтын қауырсын" сыйлығы Айдар Құлжановқа бұйырды. Ал "Үздік аудандық, қалалық басылым" номинациясында Түлкібас аудандық "Шамшырақ" газеті жеӊімпаз атанды.

Сонымен қатар, салтанатты кеште БАҚ қызметкерлері Облыс мәслихатыныӊ, "Нұр Отан" партиясы ОҚО филиалыныӊ Грамоталырымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ Түркістан облысы бойынша департаментініӊ Алғыс хаттарымен, ҚР Журналистер Одағы облыстық филиалыныӊ арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Бұдан өзге, "Оӊтүстік өнімі" байқауыныӊ жеӊімпаздары анықталып, жүлделер тапсырылды. Кеш соӊы концерттік бағдарламаға ұласты.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны