02.10.2018, 14:50 4849

Түркістан облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті

Жиында Ұлттық бюро Департаменті басшысыныӊ орынбасары И.Жорабеков осы салада орын алған қылмыстар туралы баяндама жасап, соӊынан ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер көрсетті.

Түркістан. 2 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Түркістан облысы бойынша департаментініӊ, Ұлттық бюро департаментініӊ, сондай-ақ, облыс әкімдігініӊ ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.

Жиынға "Нұр Отан" партиясыныӊ Түркістан облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасыныӊ және қалалық, аудандық білім бөлімдерініӊ басшылары, қала, аудан әкімдерініӊ білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық білім беру ұйымдарыныӊ 1300 басшылары, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Іс шараныӊ мақсаты - білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету, ата - аналардан, оқытушылардан заӊсыз ақша жинауды тоқтату мәселелерін кеӊінен талқылау.

Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімініӊ орынбасары Ұ.Сәдібеков облыста білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деӊгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарыныӊ басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Кездесуде сөз алған Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілап жатқанына қарамастан білім саласы әлі де болса жемқорлық деӊгейі жоғары екенін атап өтті.

Өз баяндамасыныӊ соӊында білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.

Атап айтқанда, орталықтандырылған қаржыландыру жүйелерін енгізу, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорларыныӊ құзырынан алып, бұл жұмыспен тікелей еӊ алдымен қоғам мүшелерінен енгізілген конкурстық комиссия мүшелеріне беру, мұғалім лауазымы үміткерлері үшін тестілеу бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды аутсорсингке беру.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына мемлекеттік тарапынан бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты білім беру ұйымдарыныӊ баршаға көрінетін жерлеріне орналастыруды.

Мәжілісте "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н.М.Жолдасов, облыстық білім басқармасыныӊ басшысы И.Ө.Сағындықов тақырыптық бағытта баяндама жасады.

Бұған қоса, Назарбаев зияткерлік мектебініӊ директоры Б.М.Қасымов мұғалімдерді жұмысқа және оқушыларды мектепке қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өз мектебіндегі тәжрибемен бөлісті.

Жиында Ұлттық бюро Департаменті басшысыныӊ орынбасары И.Жорабеков осы салада орын алған қылмыстар туралы баяндама жасап, соӊынан ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер көрсетті.

Жиын соӊында Ұ.Сәдібеков қатысушыларға бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған басты мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны