20.07.2018, 18:45 4469

Түркістан облысында солтүстікті таӊдайтын түлектерге 6 мыӊдай грант бөлінді

"2018-2019 оқу жылында "Мәӊгілік Ел жастары - индустрияға" жобасына 5829 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Оныӊ ішінде, жоғары оқу орындарына - 5089 грант бөлінсе, кәсіптік-техникалық колледждерге - 740 грант қарастырылған.

Түркістан. 20 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстан-2050" стратегиясында дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап "Мәӊгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында - 6490, колледждерде - 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан жалпы жастардыӊ 50 пайызы түстік өӊірге тиесілі. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысыныӊ орынбасары Мұхтар Сейтжапбаров мәлім етті.

2017-2018 оқу жылына "Мәӊгілік ел жастары - индустрияға" бағдарламасына барлығы 4513 грант бөлінген. Биыл Түркістан облысында мектепті 33 мыӊнан астам оқушы бітіріп, олардыӊ 22091-і Ұлттық бірыӊғай тестілеуге қатысып, 19 мыӊнан астамы шекті балды жинады.

"2018-2019 оқу жылында "Мәӊгілік Ел жастары - индустрияға" жобасына 5829 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Оныӊ ішінде, жоғары оқу орындарына - 5089 грант бөлінсе, кәсіптік-техникалық колледждерге - 740 грант қарастырылған. Биылғы жылы талапкерлерден құжат қабылдау мерзімі ерте басталды. Яғни ағымдағы жылдыӊ 18-26 шілде аралығында Қазақстан бойынша барлық жоғары оқу орындарында құжаттар қабылданады", - деді Мұхтар Сейдахметұлы.

Айта кетерлігі, "Мәӊгілік Ел жастары - индустрияға" жобасына құжат қабылдау үшін өӊірде 3 орын қарастырылған. Олар: техникалық ғылымдар саласы бойынша - М.Иуезов атындағы ОҚМУ "А" ғимараты, педагогикалық мамандықтар бойынша - ОҚМПУ "Б" ғимараты және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті. Кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуға ниетті талапкерлерден құжаттар облыстық "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратында ағымдағы жылдыӊ 20 тамызына дейін жалғасады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны