19.09.2018, 16:35 5512

Түркістан облысында "Таӊғажайып Түркістан" байқауы басталды

Байқаудыӊ мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Қазақстанныӊ киелі жерлері географиясы" бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердіӊ туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау.

Түркістан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today -Түркістан облысында "Таӊғажайып Түркістан" байқауы басталды.

Бұл туралы Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Бейcенбай Тәжібаев мәлімдеді. Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дыӊ студенттерімен кездесу өткізген басқарма басшысы көпшілікті байқауға қатысуға шақырды. Байқаудыӊ мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Қазақстанныӊ киелі жерлері географиясы" бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердіӊ туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау.

- Түркістан облысы құрылып, шежірелі шаһардыӊ жаӊа дәуірі басталғанын білесіздер. Ендеше өӊіріміздіӊ тылсым тарихы мен таӊғажайып табиғатын насихаттауға, Түркістанды шын мәніндегі Түркі әлеміне ортақ қалаға айналдыруға бәріміз атсалысуымыз керек. Бұл ретте Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті студенттеріне де мол мүмкіндік туып тұр. Осы оқу орнында журналистика мамандығы бойынша 100-ге жуық студент білім алып жатыр. Олардыӊ арасында ағылшын және түрік тілінде тереӊ білім алып жүргендері де бар екен. Демек, Түркістан облысы мен Түркістан қаласы туралы бірнеше тілде мақала, түрлі еӊбектер жазып, шетелге танытуға болады. Сондықтан жас әріптестерімізге бізбен бірлесіп жұмыс істеӊіздер дегіміз келеді. Бұл мақсатта ерікті журналистер клубын құруға шақырамын. Түркістанныӊ тарихын дәріптеп, туристік тартымдылығын арттыруға сіздер де үлес қосасыздар. Мәселен, бүгіннен бастап облыста "Таӊғажайып Түркістан" байқауы басталды. Оған кез келген әлеуметтік желі белсенділері қатыса алады. Сіздерді де бақ сынауға шақырамыз, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, байқауға қатысушылар facebook әлеуметтік желісінде Түркістан облысынан "Қазақстанныӊ киелі жерлер географиясына" енген 24 нысан туралы пост жариялаулары қажет. Ирбір қатысушы кем дегенде 20 жазба жазуы тиіс. Бұл байқауға ағымдағы жылдыӊ 14 қыркүйегінен 12 желтоқсанға дейін жарияланған материалдар қабылданады. Жеӊімпаздар байқауды ұйымдастырушы тарап түзген комиссия құрамыныӊ шешімімен анықталады. Ұсынылған жұмыстардыӊ үздіктері "Түркістан жаршысы" фейсбук тобында көп дауыс жинағаны, еӊ көп ұнатылғаны (лайк), еӊ көп бөлісілгені (репост) арқылы да бағаланады. Байқаудыӊ жүлде қоры -- 1350000 теӊге. "Таӊғажайып Түркістан" сайысында бас жүлде, 1-ші, 2-ші, 3-орындар беріледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да тағайындалған.

Университет кітапханасында өткен келелі басқосуда Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дағы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша жетекшісі Иміреқұл Ибуов, әлеуметтік ғылымдар факультетініӊ деканы Эфтал Батмас, "Туризм және журналистика" кафедрасыныӊ меӊгерушісі Бекжігіт Сердәлі және өзге де азаматтар өз ойларын ортаға салып, журналистика саласындағы мәселелер мен ізденістер туралы айтты. Түркістанныӊ әлеуеті жоғары екеніне тоқталды. Студенттер де өз ұсыныстарын айтып, Түркістанныӊ жаӊа келбетін қалыптастыру бастамасына белсене қатысатындарын жеткізді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны