28.09.2018, 13:58 5221

Түркістан облысында Түлкібас ауданыныӊ 90 жылдығы аталып өтілді

Айтулы шара аясында аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында жаӊа көпір пайдалануға берілді. Ауданныӊ мерейтойында ашылған жаӊа нысан өӊір тұрғындары қуанышты жаӊалық болды.

Түркістан. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысында Түлкібас ауданыныӊ 90 жылдығы аталып өтілді. Мерекелік шара Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Кейін Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі Түлкібас темір жол станциясындағы қазақ халқыныӊ бір туар азаматтары М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтыӊ жаӊа ескерткішініӊ ашылу рәсімімен жалғасты. Ескерткіштіӊ ашылуында аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ғалым Д.Қамзабекұлы, дербес зейнеткер Ө.Қалықұлов сөз сөйлеп, қос тұлғаныӊ атқарған еӊбектері жайлы айтып өтті.

Айтулы шара аясында аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында жаӊа көпір пайдалануға берілді. Ауданныӊ мерейтойында ашылған жаӊа нысан өӊір тұрғындары қуанышты жаӊалық болды.

Сондай-ақ, мерейтойға қатысушылар Түркістан облысыныӊ киелі жерлер географиялық картасына енген "Түркібасы әулиесі" кесенесімен танысты. Кесененіӊ ашылуына аудан әкімі Н.Тұрашбеков сөз сөйлеп, рухани жаӊғыру аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ауданныӊ мерейтойы аясында жаӊа саябақтыӊ ашылу рәсімі болды. Орталық саябақтыӊ жалпы жер көлемі 2,2 гектар. Саябақ толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, балаларға арналған ойын алаӊшаларымен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны