27.07.2018, 16:36 6608

Түркістан облысында "Үздік оқырман" байқауы қолға алынды

"Лидер Reader ON" кешенді іс-шарасыныӊ ережесі бойынша облыс мектептерініӊ бәрінде айдыӊ, тоқсанныӊ, жылдыӊ 13 үздік оқырманы анықталып, марапатталып отырады.

Түркістан. 27 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ орындалуы аясында "Лидер Reader ON" кешенді іс-шарасы қолға алынды. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жобалық кеӊсе жетекшісі Бақытжан Ишірбеков мәлім етті. Мектеп кітапханаларыныӊ арасында қолға алынған жаӊа жоба еліміздіӊ басқа аймақтарында жүзеге асырылмаған. Лидер Reader ON" - деген сөз "Үздік оқырман" деген мағына береді.

"Лидер Reader ON" кешенді іс-шарасыныӊ ережесі бойынша облыс мектептерініӊ бәрінде айдыӊ, тоқсанныӊ, жылдыӊ 13 үздік оқырманы анықталып, марапатталып отырады. Сондықтан, бұл іс-шараға облыстағы 1 мыӊнан астам мектептіӊ 13 мыӊнан көп оқушысы жүйелі түрде қатысып, кітап оқу бойынша жарысқа түсетін болады. Бұл өз кезегінде олардыӊ кітаптар оқып, рухани қазынамен сусындап, отансүйгіш азамат болып қалыптасуына игі ықпалын тигізеді.

Ир жанр бойынша үздік оқушылар Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде дауыс жинау арқылы анықталып, әр айдыӊ жеӊімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бақытжан Айдарханұлыныӊ айтуынша, үздік оқырман оқушылар анықталған жағдайда олардыӊ ата-аналары да назардан тыс қалмайды. Оларға ынталандыру сый-сияпаттары жасалып, баланыӊ рухани бай болып, дамуына ата-аналардыӊ да қызығушылығын ояту жайы қаралған.

Сонымен бірге, баспасөз жиынында "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында биыл философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология, журналистика салалары бойынша ЖОО студенттеріне арналған 18 оқулық аударылғаны хабарланды. Бұл оқу құралдары жоспарға сай, қазақ тіліне аударылып, ЖОО-на тегін жеткізілген. Жаӊа оқулықтар 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне енеді екен. Қазіргі уақытта келесі 30 кітаптыӊ аударма жұмысы жалғасып жатса керек.

"Бұл оқулықтар ЖОО студенттеріне арналған. Сатылымда жоқ. Алғашқы 18 оқулық 10 мыӊ дана болып басылып, 110 жоғары оқу орнына тегін таратылды. Оныӊ ішінде, Түркістан облысына 16000 дана кітап берілген. Қазір оқытушылар мен профессорлар, сала мамандары жаӊа кітаптарды 2018-2019 оқу жылыныӊ бағдарламасына енгізуге арналған әдістеме дайындап жатыр. Сонымен қатар, оқулықтардыӊ электронды нұсқасы әзірленіп, ол Қазақстанныӊ ашық университеті - openU.kz платформасына жүктелді. Көпшілік осы жерден оқи алады. Сондай-ақ әр кітап негізінде жеке-жеке 20 минуттық видеолекциялар топтамасы түсіріліп жатыр", - деді Б.Ишірбеков.

Осы ретте, спикер жуырда облыстық жобалық кеӊсесі және М.Иуезов атындағы ОҚМУ-ніӊ ұйымдастыруымен аударылған 18 оқулықты таныстыру шарасы өткенін де хабарлап өтті. Басқосу барысында ғалым, оқытушылар оқулықтарға қатысты өз пікірлерін білдіріп, аталмыш еӊбектерді дәріс беруде қолдану жайын да кеӊескен.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны