19.10.2018, 19:40 4064

Түркістан облысында заӊсыз құрылысқа бақылау күшейді

Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдыӊ 9 айында 2420 нысанныӊ құрылысы тексерілді.

Түркістан. 19 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан ағымдағы жылдыӊ 9 айында 2420 нысанныӊ құрылысы тексерілді. Оныӊ ішінде жеке қаражат есебінен - 2057 нысан, бюджет қаражаты есебінен 363 нысан бар. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысыныӊ орынбасары Мерлан Керімжанов мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, заӊдық нормалар мен талаптарды бұза отырып салынған әрі нұсқамалар талаптарын орындамаған 356 нысан тексеріліп, заӊ аясында шара қолданылған.

"Мемлекеттік бюджет есебінен салынудағы құрылыс нысандарында 114 мердігер мекемесіне және 14 жобалаушы мекемеге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар көріліп, жалпы құны - 15,6 млн. теӊге айыппұл салынды. Инжинирингтік қызмет көрсету талаптарын бұзып орындаған 19 техникалық қадағалаушыға заӊға сәйкес аттестаттарын 6 айға тоқтатып, 8,2 млн. теӊге айыппұл салынған", - деді Мерлан Абдрахманұлы.

Бұдан бөлек, аудан, қалалар әкімдіктерінен "қызыл сызыққа" өтіп салынған нысандарды тексеру барысында жергілікті әкімдіктер тарапынан құрылыс салуға жер телімін беру кезінде жол жиегініӊ "қызыл сызығын" және санитарлық қорғау аймақтарыныӊ ара қашықтықтарын сақтау сияқты талаптардыӊ бұзылғандығы анықталып отыр.

Басқарма тарапынан мониторинг жүргізу барысында және аудан, қала әкімдіктерініӊ хаттары мен жеке және заӊды тұлғалардыӊ арыздары бойынша облыс аумағындағы құрылыс нысандарын қадағалау, тексеру арқылы заӊ бұзушылықтармен жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны