01.08.2018, 07:39 5090

Түркістан облысында "Жасыл ел" еӊбек жасағыныӊ қатарында 500-ден астам студент аймақтағы түрлі нысандардыӊ абаттандырылуына атсалысуда

Өткен жылы "Жасыл ел" еӊбек жасақтарына тартылған жастардыӊ арқасында 117 елді мекендегі 6 мыӊ метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыӊнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мыӊ га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды.

Түркістан. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, "Жасыл ел" еӊбек жасағыныӊ қатарында жүрген жастар баршылық. Маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еӊбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардыӊ абаттандырылуына атсалысып келеді. Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардыӊ еӊбек ақысыныӊ 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленіп келеді.

Өткен жылы "Жасыл ел" еӊбек жасақтарына тартылған жастардыӊ арқасында 117 елді мекендегі 6 мыӊ метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыӊнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мыӊ га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды.

Айта кету керек, Елбасыныӊ бастамасымен құрылған еӊбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Тоғыз жылдыӊ ішінде өӊіріміздегі 13 мыӊнан аса жас көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны