17.10.2018, 17:37 3896

Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мыӊ тонна көмір бүгінгі таӊда толық тасымалданған

Оныӊ айтуынша, облыстағы 2830 бюджеттік мекеменіӊ барлығы, яғни 100 пайызы қысқы маусымға дайын. Оныӊ ішінде білім саласында - 1289, денсаулық сақтау саласында - 788, әлеуметтік салада - 753 мекеме.

Түркістан. 17 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мыӊ тонна көмір бүгінгі таӊда толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге қажетті көмір көлемі - 106,6 мыӊ тонна. Ал облыстағы темір жол станциясы қоймаларындағы 1 тонна көмірдіӊ бағасы бойынша "Шұбаркөл" көмірі - 14-15 мыӊ теӊге, "Ботақара" көмірі - 10-11 мыӊ теӊге көлемінде. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, облыстағы 2830 бюджеттік мекеменіӊ барлығы, яғни 100 пайызы қысқы маусымға дайын. Оныӊ ішінде білім саласында - 1289, денсаулық сақтау саласында - 788, әлеуметтік салада - 753 мекеме.

"Облыс бойынша жеке тұрғындардыӊ алдағы күзгі-қысқы кезеӊдегі көмір отынына деген жалпы қажеттілігі - 902 мыӊ тонна, бүгінгі күнге темір жол станцияларындағы қоймаларға тасымалданғаны - 689,1 мыӊ тонна. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердіӊ саны - 544, олар жылу беру маусымына толық дайын. Дербес қазандықтардыӊ (котельная) саны - 10, барлығы қысқы маусымға даяр. Облыстыӊ жылу беру дайындығына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде", - деді Марғұлан Зұлхарнайұлы.

Бұдан бөлек, мазут отынына деген облыс бойынша қажеттілік көлемі 10 мыӊ тонна болса, Энергетика министрлігімен тасымалдау кестесі бекітіліп, келісім-шарт жасалған.

Айта кетерлігі, облыстыӊ солтүстік және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу беріліп отыр.

Түркістан облысы бойынша табиғи монополия субъектілерініӊ коммуналдық қызметтері үшін 2018 жылдыӊ 1 қазандағы берешегі - 499,2 млн. теӊгені құраған. Берешектіӊ негізгі бөлігі жеке тұрғындар пайдаланған табиғи газға қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны