11.01.2019, 15:58 9172

Түркістан облысыныӊ 40 тәжірибелі педагогы арнайы бағдарлама аясында Түркия Республикасына іс-сапарға жіберілді

Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табады деп жоспарлануда. Өткен жылы облыстан 150-ге жуық ардақты ұстаз шет елге аттанған болатын.

Түркістан. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысы білім саласыныӊ мамандары ұдайы шет мемлекеттерде тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін арттырып келеді. Биыл да жыл басталысымен Түркістан облысыныӊ он алты ауданы мен көне шаһардыӊ 40 тәжірибелі педагогы арнайы бағдарлама аясында Түркия Республикасына іс-сапарға жіберіліп отыр.

Бұл жобаныӊ мақсаты - бауырлас әрі қандас өзара тату екі ел - Тәуелсіз Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарын дамыту, ортақ құндылығымыз - Қожа Ахмет Яссауи мұраларыныӊ кеӊінен насихатталуына үлес қосу. Сонымен қоса, Елбасыныӊ биылғы Жолдаудағы ұстаз мәртебесін көтеру туралы тапсырмасын орындап, ұзақ жылдар еӊбек еткен мұғалімніӊ еӊбегін бағалау, сондай-ақ білімін жетілдіріп қайтуына жағдай жасау.

Құзырлы мекеме мамандарыныӊ айтуынша, бұл жолдама кез келген мұғалімге берілмейді. Жолдама алу үшін арнайы талап ескерілген. Отандық мұғалімдер өзге мемлекеттерден келген әріптестерімен жүзбе-жүз кездесіп, білім деӊгейін арттырып, тәжірибе алмасады. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табады деп жоспарлануда. Өткен жылы облыстан 150-ге жуық ардақты ұстаз шет елге аттанған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны