19.10.2018, 20:07 5084

Түркістан облысыныӊ әкімі "18 қазан - Рухани келісім күні" мерекесіне орай конфессия басшыларын құттықтады

Еске салайық, 1992 жылғы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресініӊ 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанныӊ 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады.

Түркістан. 19 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "18 қазан - Рухани келісім күні" мерекесіне орай, өӊірдегі діни конфессия басшыларымен кездесіп, жиналғандарды атаулы мейраммен құттықтады. Өӊір басшысы елімізде дінаралық татулықтыӊ күн санап салтанат құрып келе жатқанын айтып, оныӊ нақты дәлелі ретінде таяуда Астанада "Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемде" тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ сөзін мысал етті.

"Елбасымыз өз сөзінде "Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәӊгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамныӊ өз міндеті" - деген. Сондықтан біздіӊ бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтыӊ нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін. Қабылданған Съезд қорытындысы бойынша Декларацияда оныӊ қатысушылары әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ өшпенділік пен төзбеушіліктен туындаған зорлық-зомбылық қақтығыстарды алдын алуға, ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуге жан-жақты жәрдемдесуге белсенді күш-жігерін тартуға дайын туралы мәлімдеді. Өз кезегінде мен де сіздерді жергілікті жерлерде мәртебелі миссияны жалғастыруға шақырамын", - деді Ж.Түймебаев.

Діни конфессия басшыларымен келелі кеӊес пен әӊгіме-сұхбат жүргізуді, облыс аумағындағы діни жұмыстар жөнінде пікір алмасуды мақсат тұтқан жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасыныӊ бірінші орынбасары, найб муфти, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Наурызбай Өтпенов, "Шымкент епархиясыныӊ Састөбе поселкісіндегі Қасиетті Блаженная Ксения Петербургская храмыныӊ приходы" жергілікті православ діни бірлестігініӊ діни қызметшісі Алексей Драчев және басқа да дін өкілдері сөз сөйлеп, облыстағы діни ахуал жайлы ойларын ортаға салды.

Қабылдау соӊында діни конфессиялар жетекшілеріне мерекеге орай, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Еске салайық, 1992 жылғы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресініӊ 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанныӊ 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады.

Содан бері жыл сайын біздіӊ елімізде 18 қазан - "Рухани келісім күні" мемлекеттік деӊгейде аталып өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны