17.10.2018, 18:32 4844

Түркістан облысыныӊ әкімі қоғамдық ұйым кеӊесініӊ Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Мир через духовность" қоғамдық ұйымы кеӊесініӊ Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

Түркістан. 17 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Мир через духовность" қоғамдық ұйымы кеӊесініӊ Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті.

Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген жоғары дәрежелі дәрігерлердіӊ қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференцияныӊ өткізілуіне байланысты сөз қозғап, медицина саласындағы әрмен қарайғы ынтымақтастық мәселесі туралы әӊгімелесті. Жиында халықаралық медицина саласындағы нақты іс-шаралар жоспары егжей-тегжейлі келісіліп, алдағы жоспарлары баяндалды.

Сондай-ақ, отырыста шетелдік қонақтар облыс басшысына Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" Жолдауы аясында шетелдік ғалымдардыӊ қатысумен халықаралық мәдени, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды Түркістан облысында ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде, өӊір басшысы меймандардыӊ ұсыныс-тілектерін толықтай қолдайтынын айтып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Еске салайық, осы жылдыӊ шілде айында Сайрам ауданында 8 топтан құрылған 30 дәрігер жергілікті халыққа тегін медициналық көмек көрсеткен-ді. Аталған шара Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" Жолдауы аясында өӊір басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ қолдауымен ұйымдастырылған. "Мир через духовность" қоғамдық ұйымыныӊ мүшелері облыстық клиникалық ауруханада "Халықаралық медициналық конференция" өткізіп, аталған медициналық мекеменіӊ жетекшілерімен және мамандарымен тәжірибе алмасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны