03.10.2018, 17:24 3798

Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды

Жеке кәсіпкер Г.Гуламованыӊ иелігіндегі балабақшаға 1,1 млрд. теӊге көлемінде инвестиция тартылған. Қазір 450 бала тәрбиеленіп жатыр.

Түркістан. 3 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Алдымен "Жібек жолы" кеден бекетініӊ жұмысымен танысқан өӊір басшысы одан кейін Жібек жолы ауылдық округіндегі "Бес Жұлдыз" балабақшасына келді. Жеке кәсіпкер Г.Гуламованыӊ иелігіндегі балабақшаға 1,1 млрд. теӊге көлемінде инвестиция тартылған. Қазір 450 бала тәрбиеленіп жатыр. Алпыс адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі балаларға базарлық ұсынып, балабақша ұжымыныӊ қадамын оӊ бағалады.

Одан кейін Ж.Түймебаев Қапланбек ауылдық округінде орналасқан "Жабай ата" шаруа қожалығыныӊ жылыжай кешенінде болды. Мұнда көкөніс өсіруде озық технологиялар қолданылған. Құны 1,8 млрд. теӊге болатын жоба бойынша 15 гектар жерге қызанақ пен қияр егілген. Шаруа қожалығында 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылармен тілдескен Ж.Түймебаев "Бұрын жоғары технологиялар қолданылған жылыжайлар шетелде ғана болушы еді, қазір Сарыағашта да бар. Облыстағы жылыжайлардыӊ 50 пайызға жуығы осы ауданда шоғырланған. Бұл жөнінен Сарыағаш өзгелерге үлгі бола алады. Елбасымыз Түркістан облысыныӊ диқандарына бүкіл Қазақстанды жеміс-жидек пен көкөніспен толық қамту жөнінде тапсырма берді. Бүгінде Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен шаруаларға түрлі жеӊілдіктер жасалып жатыр. Нәтижесінде бұрын шетелден тасымалданатын жемістер мен көкөністер өзімізде шығарылуда. Сондықтан осы бағытта жұмысты күшейте береміз. Мемлекет тарапынан қолдау болады" деді.

Халық тығыз орналасқан Сарыағашта спорт саласын дамыту маӊызды. Осыны ескерген жергілікті билік Қапланбек ауыл округінде "Қапланбек" спорт кешенін ашқан. Мұнда 90 бала каратэ, таеквондо, ауыр атлетика және шағын футболмен шұғылданады. Оларды 7 бапкер баптайды. Спорттыӊ денсаулық кепілі екеніне тоқталған облыс әкімі мұнан соӊ Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына атбасын бұрды. Жаӊадан орнатылған компьютерлік томографияныӊ жұмысымен танысып, томография орталығын саланатты түрде ашып беріп, сарыағаштық дәрігерлерге 3 автокөліктіӊ кілтін тапсырды. Бұл игілікті істердіӊ бәрі Елбасыныӊ медицина саласына жасаған қолдауыныӊ тәтижесінде болып жатқанын тілге тиек еткен өӊір басшысы аурухана ұжымына сәттілік тіледі. Заманауи құрылғы арқылы бас мидыӊ қан айналымдары ауруларын, ісік және ішкі құрылыстағы ауытқулар мен сүйек жарақаттарын анықтайды. Жұмыс сапары соӊында облыс әкімі Сарығаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде орналасқан "Ай-Мейірім" балабақшасыныӊ ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынған балабақшада 75 бала тәрибеленеді. Нысанды салуға және ашуға 178 млн. теӊге инвестиция тартылған. Қазір бұл мекемеде 28 адам тұрақты жұмыс істеп жүр. Балабақшаны ашып берген Ж.Қансейітұлы мемлекет тарапынан білім саласына айрықша қамқорлық көрсетіліп жатқанына тоқталып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Бүгінде Сарыағаш ауданында 203 балабақша жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта да мектепке дейінгі білім беру мекемелерініӊ саны артады деген болжам бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны