14.07.2018, 19:46 4958

Түркістан облысыныӊ әкіміне XV ғасырда салынған картаныӊ көшірмесі сыйға тартылды

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында ерекше оқиға болды. Тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Ханкелді Ибжанов Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолыныӊ картасын салтанатты түрде тапсырды.

Түркістан. 14 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында ерекше оқиға болды. Тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Ханкелді Ибжанов Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолыныӊ картасын салтанатты түрде тапсырды.

Бұл құжат XV ғасырда салынған. Картаныӊ тарихы туралы Х.Ибжанов "Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өтті. Оған Қытайдағы Бейжіӊ университетініӊ профессоры Линь Мэйцунь де қатысты. Біздіӊ тарихымызды тыӊдап, арнайы шақырғанымызға риза болған ол сонау XV ғасырда басылған картаныӊ көшірмесін сыйға тартты. Илемде бұл картаныӊ көшірмелері бір қолдыӊ саусағыныӊ санына да жетпейді. Ал, түпнұсқасы Гонконг банкінде сақтаулы тұр. Оныӊ құны - 20 миллион АҚШ доллары. Қытай профессоры өзіндегі екі көшірменіӊ біреуін бізге сыйлады. Картада Ұлы Жібек Жолыныӊ бойындағы ірі қалалар мен өзендер белгіленген. Ішінде Түркістан қаласы да бар. Болашақта Түркістан облысыныӊ орталығы - Түркістанда үлкен музей салынатынын естідім. Сондықтан осы аса құнды жәдігерді Түркістандағы музейге тапсыруды жөн деп таптым", - деді.

Құнды жәдігерді қабылдап алған Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Бұл карта мұражайымыздыӊ төрінде тұрады. Түркістан қаласы туралы жәдігерлер мен археологиялық байлықтар болса бізге әкеліп тапсырыӊыздар. Мұражайға қояйық. Ел көрсін. Тарихымен таныссын" дей келе профессорға ризашылығын білдірді.

Құнды жәдігердіӊ қазақ тарихындағы маӊыздылығына тоқталған Ханкелді Ибжанов "Қытай профессоры Линь Мэйцунь жаӊағы карта туралы арнайы еӊбек жазған. Өзіміздіӊ бауырымыз, белгілі тарихшы, профессор Нұрлан Кенжеахмет те осы картаны тереӊ зерттеп, кітап жазып қойды. Өйткені, ол түркі тіліндегі жер-су аттарын жақсы біледі. Соларды атап көрсете білді. Иттеген-айы, құнды еӊбегін баспадан шығара алмай жүр. Қазір қолжазба күйінде тұр", - деп, маӊызды мәселені айтты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кітапты жарыққа шығаруға қолдау көрсететініне уәде беріп, профессорды қабылдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны