04.07.2018, 17:54 4877

Түркістан облысыныӊ орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ тұрақты түрде жұмыс істейтін өкілдігі ашылды

Ашылу салтанатына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз және облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары қатысты.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today -Бүгін Түркістан облысыныӊ орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ тұрақты түрде жұмыс істейтін өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз және облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары қатысты.

Түркістан өлкесініӊ бай тарихи тәжірибесі, кемел рухани дәстүрі жаӊа облысты еліміздегі алдыӊғы қатарлы өӊірлердіӊ сапына шығарарын айтқан Б.Арын бұл өкілдіктіӊ ашылуы келелі істердіӊ ұйытқысына айналар игі бастама екенін жеткізді.

"Түркістанныӊ түбі бір түркі жұртыныӊ рухани астанасы ретінде танылуында, осы өӊірден көшпенділер әлеміне ислам дінініӊ таралуы мен орнығуына өлшеусіз еӊбек сіӊірген рухани ұстаз - Ахмет Ясауидіӊ орны ерекше. Осынау тарихи дәстүрді, рухани сабақтастықты сақтай отырып, оны одан әрі жаӊғырту біздіӊ басты міндетіміз. Бүгінде осы қасиетті мекенде, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бастамашылдығыныӊ және бірлесіп атқарған жұмыстарымыздыӊ нәтижесінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ өкілдігін ашу дер кезінде қабылданған орынды шешім деп санаймыз" - деді Б.Арын.

Сонымен қатар, Б. Арын өз сөзінде ҚМДБ-ныӊ Түркістан қаласындағы кеӊсе басшысы - Түркістан облысыныӊ өкіл имамы ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ найб-мүфтиі Наурызбай Тағанұлыныӊ тағайындалуымен және киелі Түркістан қаласы Түркістан облысыныӊ орталығы болуымен құттықтады. Жиынға қатысқан Түркістан облысыныӊ әкімі Ж. Түймебаев пен ҚМДБ-ныӊ төрағасы, Бас мүфти С. Ораз аталмыш тарихи оқиға бойынша өздерініӊ жылы лебіздерін білідірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны