24.07.2018, 16:31 3869

Түркістан облысыныӊ полицейлері автокөлік айнасын ұрлаумен айналысқан Алматы қаласыныӊ тұрғынын ұстады

Қазіргі таӊда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктініӊ автокөліктіӊ айнасын ұрлаудыӊ тағы бір жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллион теӊгеге жуық болып отыр.

Түркістан. 24 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ полицейлері автокөлік айнасын ұрлаумен айналысқан Алматы қаласыныӊ тұрғынын ұстады.

Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби ПБ-ніӊ кезекші бөліміне жергілікті жердіӊ тұрғыны арызданған, онда автотұрақта тұрған "Лексус" автокөлігініӊ екі жақтауындағы айнасын қорапшасымен бірге белгісіз тұлға ұрлап, 500 000 теӊге материалдық шығын келтіргендігін жазып көрсеткен.

Түркістан облысыныӊ Криминалдық полиция басқармасыныӊ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласыныӊ тұрғынын ұстады. Күдікті қамауда.

Қазіргі таӊда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған күдіктініӊ автокөліктіӊ айнасын ұрлаудыӊ тағы бір жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллион теӊгеге жуық болып отыр.

Түркістан облысыныӊ тәртіп сақшылары ұрылардыӊ құрбаны болмау үшін, өзініӊ мүлкіне мұқият болуын ескертеді. Көлікті ашық қалдырмау, көлікті ақылы автотұраққа қойып, дабыл қондырғыларын орнату, ақша және бағалы заттарды қараусыз көлікке тастап кетпеу секілді сақтық шараларын жасауға кеӊес береді. Бұл сақтық шараларыныӊ сақталуы ұрлық жайттарын айтарлықтай азайтады.

Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаныӊ жәбірленушісі немесе куәгері болсаӊыз, "102" нөміріне тез арада хабар беріӊіз.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны