07.09.2018, 23:25 6320

Түркістан облысыныӊ полицейлері тонау және автокөлік ұрлау қылмыстарына қатысты күдікті тұлғаларды ұстады

Қазіргі таӊда тонау және автокөлік ұрлығы жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары процессуалдық шешім қабылдану үшін сотқа жолданған.

Түркістан. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан қ. ІІБ полиция қызметкерлері тонау және автокөлік ұрлығына қатысы бар күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстаған. Түркістан қ. ІІБ-на 2018 жылғы мамырда жергілікті тұрғын арызданған, онда көшелердіӊ бірінде белгісіз біреу ақшасы мен құны 80 мыӊ теӊге шамасында тұратын ұялы телефонын алып қойғанын көрсеткен. Аталған жайт "тонау" бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан қ. ІІБ полицейлері бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады. Тонаудан кейін бір айдан соӊ ұсталған күдікті мас күйінде жүк көлігін айдап кетіп, аялдамаға соқтығысып, қала көшелерініӊ қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған. Автокөлік ұрлығы жайтын полицейлер "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бабы бойынша СДТБТ-не тіркеген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын жарты миллион теӊгені құрады.

Қазіргі таӊда тонау және автокөлік ұрлығы жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары процессуалдық шешім қабылдану үшін сотқа жолданған.

Түркістан қ. ІІБ полицейлері облыс тұрғындарына өз мүлкініӊ қауіпсіздігіне мұқият болу керектігін ескертеді. Қоғамдық орындар мен көшелерде қымбат ұялы телефон немесе басқа да бағалы заттарды адамдардыӊ көздерінше шығармау керек. Ал автокөлік ұрлығынан сақ болу үшін көліктіӊ есік пен жүксалғышын жабық ұстап, кілтті оталдыру тетігінде қалдырмаған жөн. Сондай-ақ салонда құжаттар, ақша және басқа да бағалы заттарды қалдырмау керек. Мүмкіндігінше көлікке дабыл жүйесін орнатып, күзетілетін аймаққа қойыӊыз.

Егер де Сіз осындай қылмыстыӊ құрбаны немесе куәсі болсаӊыз тез арада "102" телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беріӊіз.

Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны