12.07.2018, 19:00 3590

Түркістан облысыныӊ полиция қызметкері Тасболатов Нұрлан өз өмірін қауіпке тігіп, ер азаматты өрттен құтқарды

Оқиға 2018 жылдыӊ 3 шілде күні Шымкент қаласындағы Қазығұрт мөлтекауданындағы тұрғын үйлердіӊ бірінде газ баллон жарылып, өрт орын алған.

Түркістан. 12 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ полиция қызметкері Тасболатов Нұрлан өз өмірін қауіпке тігіп, ер азаматты өрттен құтқарды.

Оқиға 2018 жылдыӊ 3 шілде күні Шымкент қаласындағы Қазығұрт мөлтекауданындағы тұрғын үйлердіӊ бірінде газ баллон жарылып, өрт орын алған. Полиция капитаны Нұрлан Тасболатов өз өміріне қауіп төніп тұрса да, ерекше ерлік танытып, өрт болған үйден ер азаматты құтқарып алып шыққан. Нұрлан ары қарай өртті сөндіруге белсене көмектеседі. Құтқарушылар жеткенше қарап тұрмай, өрт сөндіргіш құралдардыӊ көмегімен жалынды сөндіре бастаған полиция қызметкері Нұрлан Тасболатов сол кезде көк түтін басқан үйдіӊ ішінен еніп кетіп, өзі де күйік шалып қалады.

"Ол алдымен шуды естіп далаға шыққан кезде өрт тұтанып жатқанын көреді. Өрт сөндірушілерді күтпей-ақ, ол бірден үйге бет алып, ер азаматты алып шығады. Өз өміріне қауіп төніп тұрса да, көмекке шақырған азаматтарға қол ұшын созған. Бұл іс-әрекетімен полиция қызметкері Нұрлан Тасболатов төтенше жағдай орын алған жағдайда адамдарды құтқару азаматтық парызым деп білетінін тағы да бір дәлелдеді", - дейді тікелей бастығы Түркістан облыстық ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі полиция подполковнигі Сматов Талғат.

Оқиға орнына полицейлер жеткенде от үйдіӊ шатырына дейін шарпып кетіпті. Тек іштегі адамдардыӊ айқайлаған дауыстары естіліп тұрған. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Нұрлан Тасболатов лезде қимылдап, іштегі адамды сыртқа алып шықты. Тұрғын үйге қайта кірген кезде, газ баллон жарылып, өзіне де от шарпып, күйіп қалған. Қазіргі таӊда полиция қызметкері Нұрлан Тасболатов ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Түркістан облысы ІІД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтыӊ аға инспекторы полиция капитаны Нұрлан Тасболатов Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Жоғары білімді заӊгер. Спортты жанындай жақсы көретін Нұрлан бокстан спорт шебері. Спорттық жетістіктерініӊ нәтижесінде Ішкі істер органдарына қабылданған. Ұжымда сыйлы, әріптестерініӊ арасында абыройлы Нұрлан Тасболатов өзін жақсы қызметкер ретінде көрсетіп келеді. Нұрлан жұбайы екеуі 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған өнегелі отбасыныӊ отағасы.

Полиция қызметкерініӊ оқыс оқиға кезінде салғырттық танытпай, өзгелердіӊ өміріне селқос қарамай, азаматтық борышын адал атқарғаны ерлікпен пара-пар. Мұндай азаматтарға алғыстан артық айтарымыз жоқ.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны