25.07.2018, 23:44 5395

Түркістан облысыныӊ тарихымен толық таныстыру мақсатында "Өлкетану" оқулығы шығарылуда

Түркістан облысыныӊ тарихымен толық таныстыру мақсатында 2018-2019 оқу жылына арналған 5,6,7 сыныптарға арналған "Өлкетану" оқулығы шығарылуда

Түркістан. 25 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Түркістан облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы туралы брифинг өткізілді. Брифингте облыстық жобалық кеӊсесініӊ жетекшісі Бақытжан Ишірбеков "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

Қазіргі таӊда облыста "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Тәрбие және білім", "Рухани қазына", "Атамекен", "Ақпарат толқыны" кіші бағдарламалары бойынша 46 жоба, 168 іс-шара әзірленіп, жүзеге асырылуда.

"Өнегелі бір сағат" жобасы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұлттық құндылықтар насихатталды. Іс-шарада оқушылардыӊ қоғаммен қарым-қатынасын нығайтуға, дүниетанымын кеӊейтуге бағытталған тағылымдық әӊгіме өрбіді. Онлайн режимдегі тағылымдық шарасы әр онкүндікте басқа да танымал тұлғалармен жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет қайраткері, мемлекеттік "Дарын" сыйлығыныӊ иегері, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтіӊ қатысып, онлайн режимде, әрі бір мезетте 67260 оқушыға тағылымдық сабақ өтті.

"Өлкетану" пәні бойынша облыстық конференция өтті. "Рухани жаӊғыру" идеясы негізінде өткен бұл жиында жаӊартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында ғылыми зерттеулер нәтижелері және тарих пен қоғамдық пәндерді оқытудыӊ әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Алдағы уақытта "Өлкетану" пәні бойынша өлкетанушылардыӊ үздік сабақ нұсқаларыныӊ қоры жасақталады. Видеосабақтар әзірленіп, облыстағы мектептердіӊ қолданысына енгізіледі.

"Облыстыӊ тарихымен толық таныстыру мақсатында 2018-2019 оқу жылына арналған 5,6,7 сыныптарға арналған "Өлкетану" оқулығы шығарылуда. Жыл бойы "Өлкетану" бағыты бойынша "Туған жерге тағзым" акциясы жүйелі түрде жүргізіліп, облыс бойынша 11000 жуық оқушы қатысты. Оқушылар өз өлкесініӊ тарихымен танысып, туған жерге деген патриоттық сезімдерін ұштай түсті", - деді Б.Ишірбеков.

Сонымен қатар, тарих пәнініӊ мұғалімі Өмір Шыныбекұлы "Есімхан тұсындағы қазақ хандығы" тақырыбында ашық аспан астында сабақ өтті. Төлеби ауданында өткен бұл сабақта "Қазақстан тарихы" пәнін киелі жерлерде оқыту арқылы өлкеніӊ тарихын, осы өӊірде болған оқиғалардыӊ ерекшеліктерін таныстыру, киелі орындарды зерттеу оқушылардыӊ танымын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрету еді. Сабаққа 6-7 сыныптан 65 оқушы қамтылды.

"Абай даналығы" жобасы бойынша 1038 мектептен "Абай әлемі" клубы құрылған. Бүгінде клубқа 20 760 оқушы мүшелікке қабылданған. Облыс көлемінде іс-шара ұйымдастырылып, белсенділігімен ерекшеленген аудан, қаладан 30 оқушы іріктелген болатын.

Осы орайда, 18-24 маусым аралығында Түркістан облысынан үздік 30 оқушы Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлыныӊ туған өлкесіне саяхаттап қайтты.

Танымдық іссапар Абай жатқан қасиетті өлке Жидебайдан бастау алды. Жидебайдағы Абайдыӊ қорық-музейіндегі құнды жәдігерлермен танысты. Мұнан соӊ, Абай, Мұхтар Иуезов, Бөрлі мұражайларына, Абай, Шәкәрім кесенелеріне, амфитеатрға, Күшікбай ата бұлағы, Еӊлік-Кебек кесенесі, Абай ауданындағы Қарауыл ауданындағы Құнанбай Өскенбайұлыныӊ ескерткішіне ат басын тіреді. Шығыс Қазақстанныӊ табиғаты мен мәдениетін, қасиетті жерлерін көріп, патриоттық және азаматтық тәрбие алған оқушылар, ұлы ақынныӊ мұраларымен тереӊірек танысу барысында әсерге бөленгендерін жасырмады.

"Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында биыл философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология, журналистика салалары бойынша ЖОО студенттеріне арналған 18 оқулық аударылды. Қазіргі уақытта келесі 30 кітаптыӊ аударма жұмысы жалғасып жатыр.

Бұл оқулықтар ЖОО студенттеріне арналған. Сатылымда жоқ. Алғашқы 18 оқулық 10 мыӊ данадан басылып, 110 жоғары оқу орнына тегін таратылды. Оныӊ ішінде, Түркістан облысына 16000 дана кітап берілген. Қазір оқытушылар мен профессорлар, сала мамандары жаӊа кітаптарды 2018-2019 оқу жылыныӊ бағдарламасына енгізуге арналған әдістеме дайындап жатыр. Сонымен қатар, оқулықтардыӊ электронды нұсқасы әзірленіп, ол Қазақстанныӊ ашық университеті - openU.kz платформасына жүктелді. Көпшілік осы жерден оқи алады. Сондай-ақ Ұлттық аударма бюросы әр кітап негізінде жеке-жеке 20 минуттық видеолекциялар топтамасын түсіріп жатыр.

Түркістан облысыныӊ қасиетті, киелі орындарыныӊ аӊыз-әӊгімелер жинағын шығаруға облыстық бюджет есебінен 5 млн. 580 мыӊ теӊге қаржы қаралып, бүгінде "Оӊтүстіктіӊ қасиетті орындары:аӊыз-әпсаналар" атты 300- ге жуық аӊыз-әӊгімелер жинағы шықты.

Жобалық кеӊсеніӊ байыпты бастамаларыныӊ бірі - "Алтын ұям" жобасы бойынша 9 980 000 теӊгеніӊ жұмысы жасалып, әрбір азаматтыӊ туған ортасына деген құрметі өз жемісін берді. Яғни, мектепті бірнеше жыл бұрын тәмамдаған түлектер өздері білім алған орданыӊ абаттануына және техникалық базасыныӊ жақсаруына қолқабыс көрсетуі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны