14.12.2018, 21:05 5387

Түркістан облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясы кеӊесініӊ алғашқы отырысы өтті

Кеӊес отырысында облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардыӊ жаӊа құрамы бекітіліп, қолға алынатын ауқымды бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Түркістан. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясы кеӊесініӊ алғашқы отырысы өтті.

"Қазақстан Халқы ассамблеясы" ғимаратында өткен жиынға мәслихат депуттары, облыстағы бірқатар басқармалардыӊ басшылары, құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардыӊ жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеӊес отырысында облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардыӊ жаӊа құрамы бекітіліп, қолға алынатын ауқымды бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Түркістан облысы әкімі аппараты "Қоғамдық келісім" КММ басшысыныӊ міндетін атқарушы Заӊғарбек Үсіпахметов ассамблеяныӊ қызметі және алдағы негізгі міндеттері туралы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Түркістан облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардыӊ жетекшілерін тағайындау болатын.Осы орайда:

-Облыстық ассамблея төрағасыныӊ қоғамдық негіздегі орынбасарлығына облыстық өзбек этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Батдридин Нишанкулов мен иран этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Нұрысбек Капар-Пур ;

-Қоғамдық келісім кеӊесініӊ төрағалығына мемлекет және қоғам қайраткері Серік Пралиев;

-Аналар кеӊесініӊ төрайымына Дүйсенкүл Жамболова;

-Ғылыми-сарапшылық топтыӊ жетекшілігінеоблыс әкімініӊ кеӊесшісі, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Саттар Мәжитов;

-Журналистер мен блогерлер клубыныӊ жетекшілігіне "Жанубий Қозоғистон" газетініӊ директоры - бас редакторы Алишер Сатыбалдиев;

-"Жаӊғыру жолы" республикалық жастар қозғалысы өӊірлік штабыныӊ жетекшілігіне Еркебұлан Нарбаев;

-Медиация кеӊесініӊ жетекшілігіне "Қоғамдық келісім" мекемесініӊ сарапшысы Нұржан Мейрманов Бауыржанұлы тағайындалды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестік төрағасыныӊ орынбасары Гулирано Расулова, облыстық славян этномәдени бірлестігініӊ төрайымы Марина Лимаренко,облыстық иран этномәдени бірлестігініӊ төрағасы Нурысбек Капар-Пур баяндама жасады.

Кеӊес отырысын қорытындылай келе, облыс әкімініӊ орынбасары Мәлік Отарбаев Елбасымыздыӊ Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ ХХVI сессиясында берген тапсырмалары Түркістан облысында сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Елбасыныӊ "Ұлы Даланыӊ жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласыныӊ орындау бойынша этнос өкілдерін қатыстыра отырып, кешенді іс-шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны