12.12.2013, 19:08 2889

Түркістанда 2013 жылдың желтоқсанында қажылық кешен ашылады - ОҚО әкімі

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында биылғы жылдың желтоқсан айында қажылық кешен мен қолданбалы өнер орталығы ашылады, деп мәлімдеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында биылғы жылдың желтоқсан айында қажылық кешен мен қолданбалы өнер орталығы ашылады, деп мәлімдеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

"Түркістандағы қажылық орталық биылғы жылдың желтоқсан айының соңында ашу жоспарланып отыр. Орташа есеппен жыл сайын Түркістанға 600 мың турист келетіні анық. Бұл жердің қасиетті жер екенін ескерсек, туристердің дені діни мақсатпен келеді. Алайда саяхатшылар мұнда өздеріне жайлы қонақ үй жалдай алу мүмкіндігіне ие емес. Амалсыздан олар жергілікті халықтың үйлерін жалдап тұрады", - деді А.Мырзахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, осы жағдайды ескере отырып, туристерге жайлы қонақ үй мен құрбандықтарын шалу орнын және діни ақпараттандыру қызметін ұсынатын орталық салу туралы шешімге келіп отырмыз.

"Орталықта туристерге дәстүрлі және дәстүрлі емес діни жоралғылардың ара-жігін ажырататын әдебиеттер ұсынылады", - деді әкім.

Сонымен қатар, соңғы жылдары мәдениет саласында 29 жаңа нысан пайдалануға берілді. 39 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 47 нысанға ағымдық жөндеу жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны