11.11.2018, 22:16 4257

Түркістанда ақпарат кеӊістігіндегі тұӊғыш цифрлық "ULYS" журналыныӊ таныстырылымы өтті

Жоба жетекшілерініӊ айтуынша, журнал Digital форматындағы соӊғы үлгідегі тәжірибелерге негізделіп жасалған. Мәселен, мақаланы оқумен қатар, аудио жазбасын тыӊдауға немесе бейне жазбасын көруге мүмкіндік бар.

Түркістан. 11 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан қаласындағы "TURKISTAN MEDIA" халықаралық орталығында орналасқан Өӊірлік коммуникациялар қызметінде ақпарат кеӊістігіндегі тұӊғыш цифрлық "ULYS" журналыныӊ таныстырылымы өтті.

Аталған жиынға Қазақстандағы алғашқы электронды "ULYS" журналыныӊ бас редакторы Ержан Қалымбай, философия ғылымдарыныӊ кандидаты Жанат Момынқұлов, басылымныӊ техникалық директоры Болат Искер, сондай-ақ облыстық ішкі саясат, мәдениет саласыныӊ мамандары мен баспасөз өкілдері, студенттер қатысты.

Шарада "Ulys" цифрлық журналыныӊ бас редакторы, белгілі журналист Ержан Қалымбай бұл журналдыӊ қазақ медиа тарихында үлкен жаӊалық екенін айтып, журналдыӊ маӊыздылығы мен артықшылығы жайлы сөз қозғады.

"Бұл жоба - Қазақстанныӊ ақпараттық нарығын сапалы контентпен қамтамасыз етуге үлес қосады. Мұндағы сараптамалық, танымдық мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, елдіӊ ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаhанда болып жатқан өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан тереӊ талданып қазақ оқырмандарына жеткізіледі. Исіресе, Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көӊіл бөлеміз. Журнал тек қазақ тілінде шығады. "Ұлыс" сөзініӊ "өзі ұлы" іс деген мағынада. Ұлттық ұғымдар санада жаӊғырсын деген мақсат. Қазіргі таӊда басылымныӊ үш саны шықты. Ақпараттыӊ сапалы болуы басты назарда. Ир санында 20 мақала жарияланады. Оларды зерттеу институттарыныӊ мамандары жазады. Алдағы уақытта электронды басылымныӊ ауқымын халықаралық деӊгейде шығаруды жоспарлап отырмыз", - деді автор.

Жиында медиа саласындағы цифрлық технологияныӊ дамуы мен бүгінгі жетістігі жайлы кеӊінен талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар қазіргі таӊдағы ақпараттық кеӊістіктегі жаӊалықтар бойынша көкейтесті сұрақтарын қойды.

Жоба жетекшілерініӊ айтуынша, журнал Digital форматындағы соӊғы үлгідегі тәжірибелерге негізделіп жасалған. Мәселен, мақаланы оқумен қатар, аудио жазбасын тыӊдауға немесе бейне жазбасын көруге мүмкіндік бар. "Ulys" журналын "iOS" және "Android" жүйелеріндегі қосымша арқылы телефонға немесе планшетке тегін жүктеп алып, кез келген уақытта оқи беруге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны