28.10.2018, 13:33 4259

Түркістанда алғашқы бес жұлдызды қонақ үйдіӊ құрылысы басталды

Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Қала күні" мерекесініӊ қарсаӊында "RIXOS KHADISHA TURKESTAN" бес жұлдызды қонақ үйініӊ капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Түркістан. 28 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Қала күні" мерекесініӊ қарсаӊында "RIXOS KHADISHA TURKESTAN" бес жұлдызды қонақ үйініӊ капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралар - Түркістан қаласын түркі әлемініӊ мәдени астанасы етудіӊ алғы шарты екенін атап өтті.

"Біздіӊ облыс тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өӊір. Мұндай жерлерге туристер көптеп ағылатыны мәлім. Сондықтан да біз туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсуіміз керек. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деӊгейде күтіп алу үшін өӊірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда қонақ үйлердіӊ де деӊгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие. Демек, қаламыз қонақтардыӊ жүріп-тұруына ыӊғайла болса, келетін туристердіӊ саны да арта түседі. Осы ретте, өз қаражаты есебінен осындай зәулім ғимарат салғалы жатқан Серікжан Сейтжанов мырзаға алғыс білдіремін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

120 орынға шақталған қонақ үй 3 гектар аумақта бой көтереді. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған. Жобаныӊ жалпы құны 10 млрд. теӊгені құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылдыӊ желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, облыс әкімі "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйініӊ ашылуына қатысты. 2016 жылы құрылысы басталған ғимараттыӊ жалпы аумағы 1,5 мыӊ шаршы метр. Қонақ үй тәулігіне 60 адамға қызмет көрсетеді.

Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған қонақ үй кешенінде кіші маркет, шаштараз, дәмхана, монша және дәріхана жұмыс істейді. Одан бөлек, мұнда қонақтарға арналған жеке автотұрақ қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны