06.07.2018, 15:10 6052

Түркістанда Астана күні тойланды

Түркістан төріндегі гала-концертте облысымызға және елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өнер ұжымдары өнер көрсетті. Кеште Отан, туған жер, махаббат, Астана, достық тақырыбындағы туындылар мен ел жүрегінен мәӊгі орын алған әндер шырқалды. Кеш соӊы мерекелік отшашуға ұласты.

Түркістан. 6 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ орталығы - Түркістан қаласында Астананыӊ 20 жылдық мерекесіне арналған гала-концерт өтті. Есімхан алаӊында өткен концертке мыӊдаған көрермен қатысты. Салтанатты шарада Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады.

"Қазақ елініӊ жасампаз тарихында алтын әріппен жазылатын мерекелердіӊ бірі - Астана күні. Біз тәуелсіздігіміз туралы айтсақ, Астананы айтпай тұра алмаймыз. Өйткені, Елбасы және елорда, Тәуелсіздік пен Тұӊғыш Президенттіӊ есімі ажырамас, айнымас егіз ұғым. Астана - Елбасымыздыӊ төл туындысы. Сарыарқа төсінде гауһартастай жарқырап тұрған елордамыз бүгінгі таӊда әлемніӊ таӊданысын оятқан, бәрін мойындатқан ғаламат жоба. Биыл Астананыӊ 20 жылдық мерейтойын тойлап отырмыз. Тәуелсіздігіміздіӊ бойтұмары - Астана күннен күнге жарқырап-жайнап, еліміздіӊ абыройын, мемлекетіміздіӊ келбетін асқақтатып келеді. Астана еліміздіӊ барлық өӊірлерініӊ экономикасыныӊ дамуына ықпал еткен қозғаушы күшке айналды. Астана - бейбітшілік, ынтымақтастық және келісім ордасы. Сіздерді тағы да Астана күнімен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыӊызға зор денсаулық, отбасыларыӊызға амандық, бақытты ғұмыр тілеймін" деді Ж.Түймебаев.

Думанды мерекеде өӊір басшысы қоғамныӊ түрлі салаларында жемісті еӊбек етіп жүрген бір топ азаматқа "Астанаға - 20 жыл" мерекелік медалын салтанатты түрде тапсырды. Олардыӊ арасында спорт, өнер, БАҚ және өзге де салалардыӊ өкілдері бар. Сонымен қатар, Ж.Түймебаев биыл ҰБТ қорытындысы бойынша еӊ жоғары балл жинаған Түркістан облысыныӊ 20 өреніне Алғыс хат тапсырып, үлкен өмірге басқан қадамдарына сәт-сапар тіледі.

Түркістан төріндегі гала-концертте облысымызға және елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өнер ұжымдары өнер көрсетті. Кеште Отан, туған жер, махаббат, Астана, достық тақырыбындағы туындылар мен ел жүрегінен мәӊгі орын алған әндер шырқалды. Кеш соӊы мерекелік отшашуға ұласты.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны