28.10.2018, 13:39 4022

Түркістанда "Қала күні" мерекесі аталып өтті

Салтанатты шараға халықаралық түркі әлемініӊ форумына келген Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Ресей, Дағыстан елдерініӊ әдебиетшілері мен ақын-жазушылары "Қала күніне" арналған мерекелік шарасына арнайы қатысты.

Түркістан. 28 қазан. Kazakhstan Today -Түркістанда "Қала күні" мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланыӊ облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаӊа сипатта дами түскенін айрықша атап өтті.

"Елбасымыздыӊ Түркістанды облыс орталығы деп әйгілеуі бекер емес. Бұл қаланы түркі әлемініӊ рухани, мәдени орталығы ету- алға қойған басты мақсатымыздыӊ бірі. Өйткені, мұнда өткеннен сыр шертетін түркітілдес халықтарға ортақ мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштер орын тепкен. Сондай-ақ, біздіӊ рухымыз бен беделімізді асқақтатып тұрған Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ орны бір төбе. Себебі қазақ тарихында өшпес із қалдырған 21 хан, 19 би, 52 батыр, 8 сұлтан мәӊгілік мекенін осы киелі топырақтан тапты. Барлығы біздіӊ осылай бақытты өмір сүруімізге өлшеусіз үлес қосқан асыл тұлғалар. Ендеше, біз бейбіт заманда ата-баба аманатына адалдық танытып, туған өлкемізді түлетуге барлығымыз атсалысуымыз қажет", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мерекелік жиында облыс әкімі қаланыӊ экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан 11 адамға Түркістан қаласыныӊ "Құрметті азаматы", 12 адамға Түркістан қаласыныӊ дамуына сіӊірген еӊбегі үшін төсбелгілерімен марапаттады. Сондай-ақ, өӊіріміздіӊ танымал өнерпаздары жиналған көпшілікке ән мен жырдан шашу шашты.

Салтанатты шараға халықаралық түркі әлемініӊ форумына келген Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Ресей, Дағыстан елдерініӊ әдебиетшілері мен ақын-жазушылары "Қала күніне" арналған мерекелік шарасына арнайы қатысты. Айтулы шарадан соӊ, өӊір басшысы мәртебелі меймандарды жеке қабылдап, түбі бір тарихы ортақ бауырлас елдер арасындағы ғылым мен мәдениет саласындағы өзара байланыстарды нығайту жайында пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны