24.04.2018, 13:16 5138

Түркістанда Орбұлақ шайқасыныӊ 375 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция барысында "Киелі жерлер - ұлттық бірлік пен жаӊғыру нышаны", "Орбұлақ шайқасы туралы деректер сыр шертеді", "ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығыныӊ саяси-әлеуметтік тарихы", "Жоӊғар хандығыныӊ қазақ даласына жасаған жорықтары", "Жалаӊтөс баһадүр", "Орбұлақ шайқасындағы - Салқам Жәӊгір" сынды баяндамалар оқылды.

Шымкент. 24 сәуір. KazakhstanToday - Түркістан қаласында "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейініӊ ұйымдастыруымен "Қазақ хандарыныӊ жоӊғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияныӊ негізгі мақсаты - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы, Елордамыз Астана қаласыныӊ 20 жылдығы және Орбұлақ шайқасындағы жеӊіске 375 жыл толуына орай бабалардыӊ ерлігін ұлықтау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, киелі жерлерді кеӊінен таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен қатар түркі халықтарыныӊ рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларыныӊ тарихтағы орны және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.

Конференция жұмысына "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ басшысы Берік Ибдіғалиұлы, "Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ директоры Нұрболат Ахметжанов, ҚР Ұлттық музейдіӊ аға ғылыми қызметкері Абсеметова Жұмакұл, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ оқытушысы, т.ғ.д., профессор Тұрсын Хазіретәлі, Қарағанды облысы бейнелеу өнері музей директорыныӊ орынбасары Аршабеков Темірғали, "Абылай хан резиденциясы" музейініӊ директоры Садаев Аян, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі директорыныӊ орынбасары Газимова Сая, Ш.Уәлиханов атындағы музей директоры Көлібаев Уәлихан, Ордабасы қорық-музейініӊ Бас қор сақтаушысы Касимов Бақытжан, "Ежелгі Тараз" есекрткіштері қорық-музейініӊ аға ғылыми қызметкері Шілдебаева Жазира, Қызылорда облысы, ҚР Ұлттық музейініӊ ғылыми қызметкері Көкебаев Дархан, Отырар қорық музейініӊ кіші ғылыми қызметкері Абдухахитов Ерқожа, Ғ.Мұратбаев музейініӊ ғылыми қызметкері Жадырасынова Алтынай, сынды тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларыныӊ ғалымдары мен мамандары қатысты.

"Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ директоры Нұрболат Ахметжанов Орбұлақ шайқасындағы жеӊіске 375 жыл толуына орай өткізілген конференция жұмысына сәттілік тіледі. "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ басшысы Берік Ибдіғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлыныӊ құттықтау хатын оқып берді.

Министр құттықтау хатта "Осындай өзекті мәселелерге арналған басқосулар ел мәдениетініӊ өркендеуі мен тарихи санамыздыӊ жаӊғыруына әкеледі.

Батыр бабаларымыздыӊ азаттық жолындағы қайраткерлік күрестеріне арналған бүгінгі конференция төл тарихымызды тереӊірек зерттеуге, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін"-деп, өз пікірін білдірген.

Конференция барысында "Киелі жерлер - ұлттық бірлік пен жаӊғыру нышаны", "Орбұлақ шайқасы туралы деректер сыр шертеді", "ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығыныӊ саяси-әлеуметтік тарихы", "Жоӊғар хандығыныӊ қазақ даласына жасаған жорықтары", "Жалаӊтөс баһадүр", "Орбұлақ шайқасындағы - Салқам Жәӊгір" сынды баяндамалар оқылды.

"Изірет Сұлтан" қорық-музейініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны