28.09.2016, 12:04 5094

Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековтіӊ туғанына 85 жыл толуына байланысты көрме ұйымдастырылды

Түркістандағы "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында "Торғайдыӊ Өзағасы" көрмесі болып өтті, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістандағы "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында "Торғайдыӊ Өзағасы" көрмесі болып өтті, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Көрмені Қостанай облысы Арқалық ауданыныӊ "Дала өлкесі тарихы" музейі халқымыздыӊ салт-дәстүрініӊ білгірі, еліміздегі мұражай ісініӊ дамуында өзіндік қолтаӊбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтіӊ туғанына 85 жыл толуына байланысты ұйымдастырды.

Жиынды "Изірет Сұлтан" қорық-мұражайыныӊ директоры Ж.Иубәкір ашып, Ө.Жәнібековтіӊ еліміздіӊ мәдени-рухани дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Сондай-ақ Арқалық ауданыныӊ "Дала өлкесі тарихы" музейініӊ директоры Г.Елтаева сөз алып көрмені тамашалауға келген қала әкімшілігін, оқу орындарын қалыӊ көпшілікке таныстырды. Түркістан қаласы әкімініӊ кеӊесшісі Ж.Ибрагимов "Дала өлкесі тарихы" музейініӊ директоры Г.Елтаеваны арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Көрмеге Өзбекәлі Жәнібековтыӊ тікелей жетекшілігімен қайта қалпына келтірілген құнды жәдігерлер - ұлттық киімдер, ұлттық бас киім үлгілері, түскиіздер мен түскестелер қойылған. Ирбір жәдігер өзіндік құндылықтарға толы, тереӊ тарихтан сыр шертеді. Жиын соӊы жиналған көпшілік Өзбекәлі әлемінен рухани байып тарқасты.

Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Оӊтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Сарықамыс ауылында өмірге келіп, 1998 жылы 22 ақпанда Алматыда көз жұмған болатын. Ол Қазақ халқыныӊ ұлттық мәдениетініӊ, ана тілініӊ, дәстүрі мен әдет-ғұрпыныӊ жаӊарып, дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. ХХ ғасырдыӊ 70-жылдарында-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесініӊ қалпына келтірілуіне ұйытқы болып, Қазақстанныӊ көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылуына бастамашылық жасады. Қазақстанныӊ тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген "Арқас" қоғамыныӊ құрылуы мен "Шертер", Адырна", "Алтынай" және тағы басқа да көптеген фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастыруға түрткі болды. "Наурыз" мейрамыныӊ, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерініӊ халқына қайта оралуына белсене атсалысты. Ана тілін дамыту бағдарламасыныӊ мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты. "Қазақтыӊ ұлттық қол өнері" (1982), "Жаӊғырық" (1991), "Уақыт керуені" (1992), "Жолайрықта" (1996), "Қазақ киімі" (1996), "Ежелгі Отырар" (1997), "Тағдыр тағылымы" (1996, 1997) кітаптарыныӊ авторы 1990 жылы тарих ғылымыныӊ кандидаты болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны