29.06.2015, 14:30 4042

Түркістанда полицейлерге күш көрсеткен азамат қамауға алынды

Түркістан қаласыныӊ тұрғыны полицейлерді балағаттап, күш қолданғаны үшін оныӊ үстінен ҚР ҚК-ніӊ үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Түркістан қаласыныӊ тұрғыны полицейлерді балағаттап, күш қолданғаны үшін оныӊ үстінен ҚР ҚК-ніӊ үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

24 маусым күні Түркістан қаласында кешкі сағат 18.00 шамасында Тәуке хан даӊғылыныӊ бойында қызмет еткен жол-патрульдік полиция тобыныӊ қызметкерлері жол бойында "Аялдауға рұқсат жоқ" деген таӊбасы бар жерде тұрған "Ауди" автокөлігін байқап қалады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары "Ауди" автокөлігініӊ жүргізушісі, яғни Түркістан қаласыныӊ 1986 жылғы тұрғынынан құжаттарын көрсетуді сұрағанда, ол билік өкілдерініӊ заӊды талабына жауап бермей, жол жүру куәлігі мен құжаттарын көрсетуден бас тартады. Полицейлер оны әкімшілік хаттама толтыру үшін қызметтік автокөлікке отыруын талап етеді.

Кейін хаттама толтыру барысында полицейлерге "Ауди" автокөлігінде отырған 27 жастағы жұбайы келіп, оныӊ күйеуін жіберуін талап етіп, полицейлерді балағаттап, тәртіп сақшыларыныӊ заӊды әрекеттеріне кедергі келтіруге тырысқан. Бір полицейдіӊ погонын жұлып алып, оған жеӊіл дене жарақаттарын салған. Сондай-ақ әлгі әйелдіӊ 25 жастағы інісі полицейлермен ерегісіп, оларға бағынбай, неше түрлі былапыт сөздермен балағаттаған.

Нәтижесінде мән-жайды анықтау үшін полицейлер құқықбұзушылық жасаған үш азаматты ұстап, Түркістан ҚІІБ-ға жеткізді. Тексеру барысында әйел өзініӊ аяғы ауыр екендігін, құрсағында 6 айлық бала бар деп айтқан. Алайда, тергеушілер медициналық анықтама сұрағанда, ол өзініӊ жалған ақпарат бергенін, яғни жүкті емес екендігін мойындайды.

Қазіргі таӊда әйел қамауда. Оныӊ үстінен ҚР ҚК-ніӊ үш бабы 380 "Билік өкіліне күш қолдану", 378 "Билік өкілін балағаттау" және 379 "Билік өкіліне бағынбау" жайлары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-ніӊ 380-бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс бойынша онша ауыр емес қылмыстыӊ санатына жататынын ескеріп, ондағы көрсетілген санкция екі мыӊ айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Жыл басынан бері Оӊтүстік Қазақстан облысы аумағында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен 187 оқиға тіркелген. Оныӊ 131-і сотқа жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны