19.09.2018, 17:02 4944

Түркістанда "Таӊбалы тастар- бабалар ізімен" атты экспедиция ұйымдастырылды

Жергілікті өлкетанушылардыӊ айтуынша, Түркістан облысында 3 мыӊнан аса петроглифтер бар. Басым көпшілігі Сақ дәуірініӊ жәдігерлері. Тастағы таӊбаларда көбіне көшпелілердіӊ тұрмыс-салты бейнеленген.

Түркістан. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында "Таӊбалы тастар - бабалар ізімен" атты экспедиция ұйымдастырылды. Жобаныӊ мақсаты - Қазақстанныӊ киелі жерлеріне енген өӊірдегі 24 нысанды таныстыру әрі киелі өӊірдіӊ бай тарихы мен таӊбалы тастарын насихаттау. Сонымен қатар, өӊірге келетін қонақтар үшін жаӊа туристік бағыттарды қалыптастыру.

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасыныӊ ұйытқы болуымен өткен тур Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қаласын қамтыды. Атап айтқанда, екі күнге созылған экспедиция барысында жобаға қатысушылар Бәйдібек ауданындағы Боралдай петроглифтері мен Ақмешіт үӊгіріне, Созақ ауданындағы Ысқақ баб кесенесі мен Арпаөзен петроглифтеріне, Созақ көне қаласы мен Қарабура кесенесіне, сондай-ақ Кентау қалалық өлкетану музейі бағыттары бойынша тарихи жерлерді аралады.

Жергілікті өлкетанушылардыӊ айтуынша, Түркістан облысында 3 мыӊнан аса петроглифтер бар. Басым көпшілігі Сақ дәуірініӊ жәдігерлері. Тастағы таӊбаларда көбіне көшпелілердіӊ тұрмыс-салты бейнеленген.

Мұндай экспедициялардыӊ ұйымдастырылуы бабалардан қалған тарихи баға жетпес мұраларды көздіӊ қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге зор мүмкіндік бермек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны