08.12.2016, 14:12 4873

Түркістанда тарихи-танымдық туризмді дамыту мақсаты көзделуде

Өӊірде тарихи-танымдық туризмді дамыту мақсатында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесесенініӊ аумағын абаттандыру макеті жасалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өӊірде тарихи-танымдық туризмді дамыту мақсатында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесесенініӊ аумағын абаттандыру макеті жасалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы мақсатта кесене аумағыныӊ айналасында 99,6 га жер телімін 3 кезеӊмен игеру жоспарланып отыр.

Бірінші кезеӊде қазіргі бар 57 нысанды сүру жоспарланған. Қаржы көлемі 598,5 млн. теӊге. Бұл нысандар 12,3 га жер телімін иеленеді. Бұл аумақта түркітілдес халықтардыӊ кітапханасын, Түркістан-Отырар археологиялық орталығын, ақпараттық орталық, қонақтарға арналған үйлер, шығыс үлгісіндегі ауқаттану нысандары және т.б. орналастыру көзделген.

Екінші кезеӊде 61,8 га жер телімін игеру жоспарланған. Бұл аумақта қазіргі бар нысандар сүрілмейді. Онда этносаябақ, шығыс моншасын, ортағасырлық қалашық және т.б. нысандар орналастыру межеленіп отыр.

Үшінші кезеӊде 556,5 млн.теӊгеге 53 нысанды сүру жоспарланған. Олар 25,5 га аумақты қамтиды. Онда саябақ, қонақ үйлер, шайхана және т.б. орналастырылады.

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етушілердіӊ қатары жылдан жылға артып отыр. Тарихи ескерткіштіӊ аумағын абаттандыру, саяхатшыларға қолжетімді қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда.

Otyrar.kz сайтыныӊ ақпаратына сәйкес, осы тұста Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық дәлізініӊ бойында және Түркістандағы туризмді дамыту мақсатындағы жобаларды аяқтау үшін 103 миллион теӊге жоспарлануда. Сонымен қатар өӊірде туризмді дамыту мақсатында туристік ақпараттық орталығы мекемесініӊ шығындарына, іс-шараларды өткізуге және үлестірме материалдарды әзірлеуге 178,2 миллион теӊге қарастырылуда.

Ал қалалық әкімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, 2016 жылдыӊ 8-айыныӊ қорытындысы бойынша Түркістан қаласына келген туристерді орналастыруға 820 орынды 20 қонақ үйі жұмыс істейді. Сонымен қатар қазір төрт жұлдызды қонақ үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қолөнер шеберлері орталығыныӊ ғимаратында Туристік ақпараттық орталығы құрылып жұмысын бастап жатыр.

Есепті мерзімде қалаға 751,1 мыӊ туристер мен зияратшылар, оныӊ ішінде 12,2 мыӊ адам алыс, жақын шетелдерден келген ( 2015 жылғы 8 айда 740,7 мыӊ адам, оныӊ ішінде шетелден - 11,5 мыӊ адам келген болатын).

Өӊірде тарихи-танымдық туризмді дамытуға жеке адамдар, ғалымдар мен жазушылар да өзіндік үлесін қосуда. Мәселен жуырда "Түркістан өлкесіндегі ойран" кітабы жарыққа шықты.

Otyrar.kz сайтыныӊ ақпаратына сәйкес, Оӊтүстікте Қазақ тарихыныӊ қойнауынан сыр шертер кезекті туындыныӊ тұсаукесері өтті. Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында жазушы Момбек Ибдіәкімұлыныӊ "Түркістан өлкесіндегі ойран" кітабы көпшілікке таныстырылды. Шығармада Қазақстанныӊ Оӊтүстіктігінде болған сәттерге ерекше мән беріліп, бұрын жарық көрмеген тарихи фактілер басылып шыққан.

"Түркістан өлкесіндегі ойран" кітабын автор Момбек Ибдіәкімұлы 1916-1937 жылдардағы Ташкент пен Шымкент өӊірінде орын алған оқиғаларды архивтерде сақталған деректерге сүйене жазған. Деректі кітап бас кейіпкерлер Мамажан Сартаев пен оныӊ досы, ел сүйіктісі Парманқұл Алдабергеновтыӊ репрессия кезеӊінде тап болған ауыртпалықтарын суреттеуден басталады. Шығармада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы ел білмейтін деректер бар.

Жазушы Мамытбек Қалдыбай өз мақаласында автордыӊ тарихи деректерді ұтымды пайдалағанына тоқталған. Ғалымдардыӊ айтуынша, мұсылмандарға қатысты қатаӊ шара қолдану жайлы бұйрықтардыӊ Өзбекстан архивтерінен табылған, өзгермеген нұсқаларыныӊ кітапқа басылуы - шығарманыӊ құнын арттырған аса тыӊ да өте бағалы дерек.

1916 жылғы зұлмат уақытында Оӊтүстік өлкесінде қанша адамныӊ опат кетіп, қанша азаматтыӊ атылып, дарға асылғанын Мамажанныӊ есептеуімен кітапта сипатталғаны оқып отырған адамды бей-жай қалдырмайды.

Бас кейіпкер Мамажан Сартаевтыӊ өмірлік жолы арқылы кітапта 1924 жылы Түркістан Советтік Социалистік Республикасы тараған кезде Ташкент қаласы үшін қазақ және өзбек басшыларыныӊ тартысы жайлы мағлұматтарда бұл құбылыстыӊ қарсы жақтыӊ пайдасына қалайша шешілгені нанымды түрде берілген. Бұл - көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар үшін тосын дерек болғалы тұр.

Кітаптыӊ құндылығы, өскелеӊ ұрпақ үшін маӊыздылығы ескеріліп, туынды желісі бойынша көркем фильм түсірілетін болды. Тарихымызды білмей, келешегімізді болжай алмаймыз дейді зиялы қауым өкілдері. Сондықтан да халқыныӊ азаттығы үшін құрбан болғандарға бас иіп, бүгінгі Тәуелсіздігіміздіӊ қадіріне жетейік деп тарқасты жамағат.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны