07.12.2016, 16:41 4146

Түркістанда "Тәуелсіз Қазақстан" пойызымен жеткен мамандар 500 азаматты медициналық тексеруден өткізді

Оӊтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында бір күнде 500 азамат профилактикалық тексеруден өтті, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында бір күнде 500 азамат профилактикалық тексеруден өтті, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызымен жеткен мамандар науқастарды тексеріп қана қоймай, дерттен айығу жолдарын да түсіндіріп берді. Ергешбай ақсақалдыӊ жасы 60-қа таяған. Ел ағасыныӊ аяқ-қолы сау болғанымен, жұмысқа жарамсыз. Қан қысымы жоғары. Арнайы тіркеуде тұратын азамат үнемі дәрігерлер қадағалауында. Соӊғы уақытта ішкі құрылысыныӊ сыр бергені жанына батады. Сондықтан да білікті мамандар қабылдауына арнайы келді. Мамандардыӊ айтуынша, соӊғы уақытта Қазақстан азаматтарыныӊ дені асқазан жарасы дертіне шалдыққан. Қан қысымыныӊ жоғары болуы да көп қиындық туғызуда. Мұныӊ алдын алуда бүгінгідей шаралардыӊ шарапаты мол.

Мамандардыӊ хабарлауынша, Түркістанда бүлдіршіндер арасында сал аурына шалдыққандар мен мектеп жасына жетпей-ақ, көз жанары ақаулыққа ұшырағандар басым. Сондықтан да жергілікті дәрігерлер осы науқастардыӊ айығып кетуі жолында күш салуы керек. Бұл - білікті мамандар пікірі. Айта кету керек, денсаулыққа салғырт қарауға болмайды. Исіресе ауыл-аймақтағы ағайын дәрігерге тексерілмей, науқасына шыдап жүре береді. Кейін дерт әбден асқынғанда кеш болатынын ескере бермейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны