01.10.2016, 12:29 4521

Түркістандағы 9 қабатты екі үй кезектегі азаматтарға беріледі

Осы жылы бастау алған "Нұрлы жол" аясындағы құрылыс жұмыстарыныӊ негізгі бөлігі атқарылған.

Шымкент. 1 қазан. Kazakhstan Today - Кеше "Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы "Қазақстан Иппотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-ныӊ өкілдері Түркістан қаласындағы "Отырар" атты жаӊа ықшам ауданнан бой көтеріп жатқан тоғыз қабатты екі үйдіӊ құрылыс жұмыстарымен таныстыру мақсатында шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осы жылы бастау алған "Нұрлы жол" аясындағы құрылыс жұмыстарыныӊ негізгі бөлігі атқарылған. Құрылыс мердігері "Отау Строй" ЖШС өкілдерініӊ айтуынша әрқайсысы 72 пәтерлік екі үйді жыл соӊына қарай пайдалануға бермек. Тарқатып айтсақ, жалпы 144 пәтердіӊ 36-сы бір бөлмелі (39,68 шаршы метр), 72-сі екі бөлмелі (55,21 шаршы метрге дейін), 36-сы үш бөлмелі пәтерлер (68,48 шаршы метрден бастап). Пәтердіӊ бір шаршы метрініӊ құны 900 теӊгеден аспайды. Пәтерлер тұрғын үй кезінде тұрған азаматтарға беріледі. Түркістан қаласы бойынша 3930 адам баспана алу үшін өтініш білдіріп, тұрғын үй кезегіне тіркелген.

Айта кетерлігі, қазіргі таӊда бұл жаӊа ықшам ауданнан "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы аясында бес қабатты екі үйдіӊ құрылысы жүргізіліп жатқандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сонымен бірге, тағы да бес қабатты 8 үйдіӊ іргетасы қалануда. Оған қоса, аталған үйлерге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Енді үй кезегінде тұрған түркістандық тұрғындар жыл соӊына қарай жаӊа баспанаға қол жеткізетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны