23.07.2018, 23:44 3903

Түркістандық оқушылардыӊ 95 пайызы демалыс шараларымен қамтылады

Түркістан облысында жазғы кезеӊде балалар мен жасөспірімдердіӊ демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен 905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда

Түркістан. 23 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан облысында жазғы кезеӊде балалар мен жасөспірімдердіӊ демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен 905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда.

Бүгінгі таӊда 4 аусыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыӊнан астам бала сауықтырылды. Ал 17 мыӊға жуық бала шілде, тамыз айларында аталған лагерлерде демалдыру жоспарланған. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерде 193 мыӊнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізген. Бұл өӊірдегі оқушылардыӊ 32,2 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданындағы "Самал" лагерінде облыстағы бес балалар үйініӊ 350-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалады.

Бұған қоса, жаз бойы балалардыэкскурсия, саяхатқаапару жұмысы жалғасын табуда. Мәселен, республикалық өлкетану акциясы аясында 200 бала маусым, шілде айларында"Астана - меніӊ Отанымныӊ елордасы" атты әлеуметтік жоба негізінде Астана қаласына саяхатқа жіберілді. Ал, туған елдіӊ мәдениеті мен тарихын неғұрлым тереӊ зерделеу, тарихи орындардыӊ алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айыныӊ 2-9 аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына саяхатқа барып қайтты. Сонымен қатар, өӊірдіӊ тарихи мұражайларына саяхат жасау мақсатында "Облыс тарихы" атты үш күндік керуен-шеруі акциясы өткізіліп, оған облысымыздан аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 оқушы қатыстырылды.

Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларыныӊ түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны