04.07.2018, 17:35 5197

Түркістандықтар Астананыӊ 20 жылдығын атап өтті

Шара Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған көрмемен бастау алды. Онда Елордамыздағы әсем де, сәулетті ғимараттардыӊ нобайы бейнеленген түрлі бұйымдар жұрт назарына ұсынылды.

Түркістан. 4 шілде. Kazakhstan Today -Түркістан облысында Елордамыз - Астананыӊ 20 жылдық мерекесіне арналған "Асқақатай бер, Астана!" атты салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық маслихат хатшысы Қ.Балабиев, "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н.Жолдас, аумақтық басқармалар мен департамент басшылары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласыныӊ қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Шара Астана қаласыныӊ 20 жылдығына арналған көрмемен бастау алды. Онда Елордамыздағы әсем де, сәулетті ғимараттардыӊ нобайы бейнеленген түрлі бұйымдар жұрт назарына ұсынылды.

Салтанатты жиында аймақ басшысы Астана қаласыныӊ ел тарихында алар орнын екшеп, айтулы күнге орай өӊірімізде өткізілген шараларды атап өтті.

"Астана - Қазақстан тәуелсіздігініӊ Ұлы тұғыры. Елорда - Елбасы идеясыныӊ іске асырылуы және барлық Қазақстан халқы еӊбегініӊ нәтижесі. Астананыӊ қалыптасуы Тәуелсіздік шежіресімен тығыз байланысты және мемлекетіміздіӊ бүгінгі жетістіктерініӊ символы болып табылады. Астана - Қазақстан тәуелсіздігініӊ Ұлы тұғыры. Елорда - Елбасы идеясыныӊ іске асырылуы және барлық Қазақстан халқы еӊбегініӊ нәтижесі. Елдіӊ көӊіл қуанышына айналған ару қаламыздыӊ мерей тойына орай өӊірімізде "Ел жүрегі - Астана" атты 532 іс-шара өткізілді. Елорда құрметіне орай облыстыӊ бірқатар елді мекендерінде 26 көшеге "Астана" атауы берілді. "Елордаға сыйлық" жобасы бойынша Түркістан облысы тарапынан Астана қаласына тарту ретінде жалпы құны 766,2 млн. теӊгені құрайтын 5,2 шақырым веложол нысаны салынды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін облыс көлемінде бірқатар әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, білім беру нысандары, мәдениет үйлері, спорт кешендерініӊ ашылу салтанаты Астана қаласыныӊ 20 жылдығы мерейтойымен орайластырылуда", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Салтанатты шара барысына ҰОС және еӊбек ардагерлері, Парламент және облыстық мәслихатыныӊ депутаттары, заӊ қызметкерлері, білім, мәдениет және спорт саласыныӊ өкілдері жалпы саны 24 азамат азамат облыстыӊ "Құрметті азаматы" атағын алды. Олардыӊ қатарында еӊбек ардагерлеріАсқар Құлыбаев, Оразалы Омаров, Ділдәбек Тойжанов, Парламент Сенатыныӊ депутаты Или Бектаев, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов, "Қазақ күресі" Бүкіл әлемдік федерациясыныӊ бірінші вице-президенті Серік Төкеев, "Болашақ" үздіксіз білім беру орталығыныӊ директоры Саттар Қуашбай бар.

Бұдан бөлек, өӊірдіӊ дамуына сүбелі үлес қосқан 30-ға жуық азамат "Астанаға 20 жыл" медалімен марапатталды.

Мерекелік шараныӊ соӊы өӊіріміздіӊ өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны